Атырау, 19 сәуір 23:18
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ақша қайда, ақша?

2 836 просмотра

Балықшы поселкесіндегі көшелердің біріндегі тұрғындар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне реніш білдірді.  

Поселкенің барлық көшелері баяғыда асфальттанған. Ал Байжігітова көшесінің тұрғындары әлі күнге дейін шоқалақ жолдардың үстімен жүріп, өздерінің айы оңынан туған көршілеріне қызыға қарайды.

Көктемнің жылы күндері басталысымен поселке ішінде трактор мен асфальт төсейтін машиналар гүрсілі естіліп жатты. Айнаш Байжігітова көшесі де асфальт төселетін көшелердің тізімінде бар болатын. Жұмысшылар сол көшенің жолын тегістеп, құм мен қиыршық тастарды әкеліп төкті. Алайда, кезек асфальт төсеуге келгенде, олар күректерін тастап, зым-зия жоқ болды. Тұрғындар болса, жағдайды неге жорырын білмей дал боп қалды. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢ біздің сауалымызға берген жауабына қарағанда, Байжігітова көшесін асфальттау жұмысы расында да тоқтап тұр. Себебін «кейбір қаржы қиындықтары» деп жалпылама келтіріпті. Ал жолдарды салуға және жөндеуге жұмсалатын ақша бюджетке 2010 жылы-ақ енгізілген болатын. Және қандай ақша дейсіз! Десек те, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі асфальттау жұмысы қалалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінген кезде жалғасатынына уәде берді.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген В. Истомин

18 тамыз 2011, 23:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.