Атырау, 20 сәуір 19:55
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

1 492 просмотра

Отырып ойнайтын волейболдан «Атырау» командасы Германияда өткен ірі халықаралық турнир «Лейпциг Кубогына» қатысты. 

Біздің паралимпиадалық командамыз - ҚР құрамасының базалық клубы. Ол төрт рет ҚР чемпионы, 2009 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылғы әлем чемпионаты 1-дивизионының чемпионы, 2013 жылғы Польшада өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы, 2014 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Лейпцигтегі турнирде «Атыраумен» бірге Мысыр, Украина, Финляндия құрамалары мен 8 германиялық команда қатысты. Атыраулықтар алдын ала кезеңнен сәтті өтіп, 1/8 финалда Мысыр құрамасын, ¼ финалда «Лейпциг-1» командасын жеңді. Алайда жартылай финалда Украина құрамасына есе жіберді. Үшінші орын үшін болған ойында финдерді тізе бүктірді. Нәтижесінде – қола медаль. 

«Атырау» командасында Бауыржан Тахауов, Жанғали Сүйеуов, Берік Ізмағамбетов, Расул Иманғалиев, Бауыржан Сартаев, Ақылбек Шикібаев, Ернар Матеуов, Пердебай Намұратов, Александр Демеуов жәнеНұртау Мұхамбетқалиев ойнайды.

 

***

Бокстан облыстың әйелдер құрамасы Павлодар мен Қарағандының ашық біріншіліктерінде өте сәтті өнер көрсетті.

Павлодар қаласының чемпионатына Әлібек Көшенов жаттықтыратын жастар құрамасы қатысты. Динара Зинуллина (50 келіге дейін) алтын, Элла Сәрсенғалиева (60 келіге дейін) күміс,  Надежда Сергей (46 келіге дейін) және Анель Харина (57 келіге дейін) қола иеленді. Анель өз салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасына ілікті және 2015 жылғы мамыр айында Тайпейде өтетін әлем чемпионатына дайындалады. 

Қарағандыда «жастар» аға жаттықтырушы Алексей Юн басқаратын облыстың ересектер құрамасына қосылды. Нәтижелер көңіл қуантады: Д. Зинуллина, Ақмарал Шәмшиденова (69 келіге дейін), Шынар Юлдашева (60 келіге дейін) – алтын, А. Харина, Э. Сәрсенғалиева, Евгения Попова (70 келіге дейін) – күміс, Н. Сергей, Алмагүл Шариева (42 келіге дейін) – қола.

Дайындаған М.СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.