Атырау, 29 наурыз 09:41
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Әкім және жалынды жастар

1 773 просмотра

Қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ түрлі салада ерекшеленген Атырау оқушыларымен: пәндік олимпиада, музыкалық және спорттық сайыстардың жеңімпаздарымен, «Алтын белгі» үміткерлерімен кездесті.

Светлана САМАРЦЕВА – «Алтын белгіден» үміткер, алайда ол қазақ тілін жетік білуімен жақсы таныс. Назерке ЕРКЕЛУСОВА Еркінқала музыка мектебінің терме сыныбында оқиды. Маусым айында ол халықаралық «Күншуақ» байқауының жеңімпазы атанды. Ол кездесу кезінде «Менің елім осындай» әнін ықыласпен орындады. Баскетболдан спорт шеберіне үміткер Ильяс НАҒИМОВ қатысушылармен жетік ағылшын тілінде амандасты. Қала басшысының пікірінше, соңғы ҰБТ қорытындысы үздік болмады, «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлердің барлығы бірдей жақсы нәтиже көрсете алмады. Енді қала 2014-2015 оқу жылының түлектеріне үміт артып отыр. Н.Ожаев кезінде 12 жыл бойына жастармен жұмыс істегенін, өзіне әрдайым да жастардың жігерлері мен оптимизмдері ұнайтынын айтты. Әкім жастарға білім алуда анағұрлым табанды болуға кеңес берді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.