Атырау, 24 сәуір 13:11
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Аулада жақсы жұмыс жасады

1 082 просмотра

«Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысының Атырау филиалы 2014 жылдың қорытын-дысы бойынша тағы екі облыспен бірге «Үздік өңір» номинациясын алып, республикадағы үздіктер қатарына енді.

Жергілікті белсенділер Нұрсая ықшамауданындағы спорт алаңқайына тұрақты түрде түрлі байқаулар мен ойындар ұйымдастырып тұрды, тұрғындарға өз өнерлерін көрсету үшін карате секциясы шәкірттерін шақыртты. Ата-аналар мен балалар, әжелер мен аталар «Ақсерек-көксерек» ойнап, үй жанындағы асфальтқа түрлі түсті суреттер салды. «Бақытты отбасы - болашағымыз» акциясының басты мақсаты көптен ұмыт қалған, көршілер сан жылдар бойы дос болған, мерекелерді бірге қарсы алған, сенбіліктер жасаған кеңестік ауланың дәстүрін жандандыру болды. Сонымен қатар, белсенділер ауыл балаларына қонаққа әнші АЙҚЫНДЫ алып барып, Бейжің олимпиадасының жүлдегері Арман ШІЛМАНОВПЕН кездесу өткізді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.