Атырау, 24 сәуір 19:36
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қырсық шалған үлес

2 013 просмотра

– Ұлым полицияда жұмыс істейді, жасы 25-те. 2013 жылы ол бюджеттік сала қызметкері ретінде баспана кезегіне тұрды. Ал, үйленгеннен кейін «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша кезекке тұруды ұйғарды. ТКШ бөліміндегілер оның өтінішін қабылдамады, оның үстіне, 5 жылға кезектен алып тастаймыз деп қоқан-лоқы көрсеткен. Мәселе мынада, ол атасы қайтыс болғаннан кейін үйдің 1/5 бөлігін мұраға алған болатын. Ұлым сол кезде өзінің үлесін апасына (күйеуімнің қарындасына) тарту етті. Бірақ ТКШ-дегілер оның енді тегін баспана алуға құқығы жоқ екенін айтып отыр. ТКШ қызметкерлерінің әрекеті заңды ма?

Телефон арқылы

Сұраққа адвокат Гүлсім САБЫРОВА жауап берді:

– Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана ұсыну «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №420 қаулысы мен «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңының негізінде жүзеге асырылады. Жас жігіт 2013 жылы мемлекеттік қордан баспана алуға мұқтаж мемлекеттік қызметкер ретінде есепке қойылды. 2012 жылы 21 маусымда ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына сәйкес, оның егер некеде тұрғанына екі жылдан кем болмаса және Бағдарламаға қатысуға өтініш берген уақытта ерлі-зайыптылардың жастары 29-ға жетпеген болса, «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша кезекке көшуіне құқығы бар. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, оның осы екі кезектің қайсысында тұрғанына қарамастан, есепке тұрған кезде де және баспана ұсынылатын кезде де оның ел аумағында меншік құқығындағы баспанасы болмауы тиіс. Егер ол тұрғын үйден мұралыққа кішкентай үлес алса да, онда мұра қабылдаған сәттен бастап меншік құқығында оған тиесілі тұруға жарамды баспанасы бар деп есептеледі. Туған апасына өз үлесін тарту ету соңғы бес жыл ішінде меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі тұруға жарамды баспананы иеліктен шығару арқылы өзінің тұрғын үй жағдайын көрінеу нашарлатуға теңестіріледі. Мұндай факт анықталған жағдайда ТКШ қызметкерлері заңды негізде оны баспананың тиісті кезегінен шығарып тастауға құқылы.

Мемлекеттік қор баспанасының кезегінде тұрғандардың баршасына кеңесім: егер туысыңыз қайтыс болғаннан кейін сізге баспанадан қажеттілігіңізді қанағаттандырмайтын мұралық үлес тиесілі болса, бірден бұл үлестен осы мұралық іспен айналысатын нотариустың атына тиісті арыз жазу арқылы бас тартқан жөн.

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.