Атырау, 28 наурыз 19:04
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Бір жылға жазыл да, миллион ұтып ал!

2 687 просмотра

«Ақ Жайыққа» жазылу «Қазпошта» бөлімшелерінде жүргізіледі.

Бұдан басқа, әдеттегідей, Азаттық даңғылы, 21 және Жарбосынов, 5 мекен-жайларындағы «Ақ Жайық» дүкендерінде баламалы түрде жазылу қабылданады.

Жазылу бағасы бұрынғы күйінде қалып отыр:

Атырау қаласы мен қала маңындағы округтердің тұрғындары үшін – 7 824 теңге (6 айға – 3 912);

Аудан тұрғындары үшін – 9 075,72 (6 айға – 4 537,86);

Атырау қаласы мен қала маңындағы заңды тұлғалар үшін – 11 724 теңге (6 айға – 5 862);

Аудандардағы заңды тұлғалар үшін – 12 975,72 (6 айға – 6 487,86).

Жазылу индекстері:

Жеке тұлғалар үшін «АЖ» рус. – 65581, «АЖ» қаз. – 65582;

Заңды тұлғалар үшін «АЖ» рус. – 15581, «АЖ» қаз. – 15582.

 

Назар аударыңыз! Әдеттегіше 2015 жылға толық жазылушылар арасында дәстүрлі лотерея ойыны өткізіледі.

Сыйлықтар саны – 27. Бұлар басты екі сыйлық – 1 000 000 теңгеден ақшалай ұтыстар (бірі – Атырау қаласы мен қала маңындағы округтердің, екіншісі – аудан тұрғындары үшін). Сондай-ақ, 500 000, 400 000, 300 000, 200 000, 100 000, 90 000, 80 000, 70 000, 60 000, 50 000 теңге мен 10 000 теңгеден 15 ынталандыру сыйлықтары ұтысқа тігіледі. Қалай болғанда да ешкім ұтылмайды, барлығы да өздерінің жылдық жазылымын ала береді.

Ескерту:1. Ұтқан 27 адам сыйлықтарын алған кезде 10 пайыз табыс салығы ұсталады. 2. Өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, жазылушыларымыздың 50 пайыздай бөлігі лотереяға қатыспайды. Шамасы, өздеріне қарағанда сол игілікке қолы жетпей жүрген жерлестері ұтсын дейтін шығар.

 

24 ЖЕЛТОҚСАНДА БІЗДІҢ ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗДЫҢ ҒАНА ЖОЛЫ БОЛАДЫ

Сізді лотереяға қатысушылардың қатарына қосу үшін бар болғаны төмендегі шарттарды орындасаңыз жеткілікті:

а) үстіміздегі жылдың 22 желтоқсаны (дүйсенбі) сағат 18.00-ге дейін Азаттық даңғылы, 21 немесе Жарбосынов, 5 мекен-жайларындағы «Ақ Жайық» дүкендеріне 2015 жылға толық жазылу абонементін көрсетуіңіз керек. Ол біздің мөріміз соғылғаннан кейін өзіңізге қайтарылып беріледі;

б) нөмірлі лотерея билетін толтыруыңыз қажет. Оның бір бөлігі сізде қалады.

Міне, осы шарттарды орындасаңыз болғаны. Мұны өзіңіз де немесе таныстарыңыз арқылы да (әсіресе, ауылда тұратын оқырмандарымызға қатысты) жасай аласыз. Ешқандай құжат талап етілмейді. Газетімізді баламалы түрде алуға бір жылға жазылғандар (газетті жақын маңдағы хабарландырулар қабылдайтын 8 қосынымыздың бірінен алатындар) да лотереяға қатыса алады.

 

Бар қажетіңіздің бәрі - бір газетте

Облыс пен еліміз өңіріндегі елеулі оқиғалар туралы нақты ақпарат, бүкіл жарнама атаулы мен сан мыңдаған жеке хабарландырудың бәрін «Ақ Жайықтан» табасыздар.

19 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған