Атырау, 19 сәуір 16:35
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жолдағы қарауылдар

1 861 просмотра

– ІІБ басшылығы жол полицейлерінің әкімшілік полиция болып құрылуына байланысты қала бойынша автокөліктерде тұрақты түрде патруль жасап, «олжалы» жерлерде (№30 мектеп жанындағы көпір астында, Дина Нұрпейісова атындағы МС жанындағы бағдаршамнан кейін және т.б.) кезекшілік етуді тоқтататындығын әлденеше рет мәлімдеді. Бірақ олар айыппұл саламыз деп қоқан-лоқы жасап, пара беруге итермелеп, яғни, жемқорлықтың орын алуына жағдай жасап, осылай жасауды жалғастыруда. Әкімшілік полицияның автомобильді патрульдер қызметін кім және қалай реттейді? Егер олар қаланы қарауылдаудың орнына жүргізушілерді торуылдап жүретін болса, қайда дабыл қағу керек?

azh.kz сайтынан

Сұраққа Атырау облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:

– Сәтпаев-Пушкин, Сәтпаев–Ерниязов көшелерінің қиылысында және облыс орталығының басқа жерлерінде автопатруль топтарының орналасуы жолдардағы жағдайларға байланысты, сонымен қатар жол қозғалысын реттеу және ІІД Жедел басқару орталығымен біріккен жұмыстар жүргізу үшін, жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережесін бұзу, қатарластықтың бұзылуы, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру және басқа да ЖҚЕ бұзу фактісін анықтау және алдын кесу шараларына байланысты жасалған. Бұдан басқа, Сәтпаев даңғылы магистральды көшелердің бірі болып табылады және жол-көлік оқиғаларының орын алуына байланысты «кептелістерді» ауыздықтау шараларын алу үшін, балалар тобын, шетелдік делегацияларды алып жүру және басқа да қоғамдық шараларды жүзеге асыру үшін Атырау қаласындағы көлік ағындарының негізгі жол тораптарынан автопатруль тобын табу қажеттілігі бар.

Басқа жағдайларда патрульдеу бекітілген маршрут бойынша жүзеге асырылады. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан заңға қайшы әрекеттер орын алған жағдайда автоәуесқойлар 98-21-55 сенім телефонына, 102 нөміріне, сондай-ақ, орын алған жайттарды шешу үшін аға ауысым қызметкерін шақыра алады.

11 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.