Атырау, 25 сәуір 14:22
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ресей "Иегова куәгерлері" сайтын экстремистік деп тапты

3 291 просмотра

Ресей жоғарғы соты "Иегова куәгерлері" діни ұйымының веб-сайтын "экстремистік" деп тану туралы шешім шығарды. Тверь облыстық прокуратурасы өткен жылы төменгі сот инстанциясының діни ұйымның вебсайтын экстремистік емес деп таныған сот шешіміне қарсы шағым берген.

Прокуратура шағымында "Иегова куәгерлері" ұйымының веб-сайтында келтірілген "идеялар жеккөрушілік пен бөлінушілікке шақырады деп санайтыны" айтылған .

Жоғарғы сот бұған қоса діни ұйымның негізгі діни кітаптары - "Інжіл бізге не үйретеді?", "Құдайға жақындай түс" және "Маған кел және соңымнан ер" деп аталатын кітаптарын да экстремистік деп тапты. 

"Иегова куәгерлері" - Ресейде және бұрынғы совет республикаларында 1990 жылдардың басынан жұмыс істеп келе жатқан халықаралық христиан діни ұйымы. Әлемде бұл діни ұйымның 8 миллионға тарта мүшесі бар деп саналады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

5 желтоқсан 2014, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.