Атырау, 24 сәуір 12:23
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Біреуі дүкен тонап, үшеуі қарауылдап тұрған

1 931 просмотра

Фото: gorod.lvФото: gorod.lvПолиция Атырау дүкендерінен азық-түлік ұрлауды кәсіп еткен ұрылар тобын ұстады.

Олар шағын азық-түлік дүкендерін торуылдап, түнделетіп ұрлыққа түсіп отырған. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 19-23 қараша аралығында ұрылар тобы есікті сындырып, 6 дүкеннен азық-түліктер ұрлаған. Оларға Авангардтың 25 жастағы жұмыссыз тұрғыны басшылық еткен. Топтың қалған үш мүшесі, оның құрдастары, жауап алу кезінде оның есікті сындырып, азық-түліктерді тасып шығарғанын, ал қалғандарының тек қарауылдап тұрғандарын бір ауыздан мойындады. Атырау қалалық ІІБ тергеу бөлімі ҚР ҚК-нің 235-бабы бойынша («Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу») қылмыстық іс қозғады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ  

28 қараша 2014, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.