Атырау, 20 сәуір 04:33
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Көпірден секіріп кетті

2 766 просмотра

25 қарашада Атырауда шамамен 15 сағат 30 минутта ер адам орталық көпірден өзенге секіріп кетті.

Өтіп бара жатқан жүргіншілердің бірінен 112 нөміріне (кезекші ТЖД пульті) қоңырау түскен. Сол жерге құтқарушылар жасағы шұғыл арада жетіпті. Абырой болғанда, судан құтқару стансасы көпірге жақын маңда орналасқан.

Қызметкерлер резіңке қайықты пайдаланып, суға кетіп бара жатқан адамды құтқарып қалған.

Облыстық судан құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВТІҢ айтуынша, ер адам құлаған көпір астындағы жерді әлі мұз құрсап үлгермеген. Сондықтан ол зақым алған жоқ. Құтқарылған адам полиция қолына тапсырылды. Психологтар суицид себебін анықтамақ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

28 қараша 2014, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.