Атырау, 29 наурыз 12:28
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Украинада Яценюк премьерлікке қайта сайланды

1 138 просмотра

Украинаның жаңа парламенті бүгін алғашқы отырысында Арсений Яценюкті қайтадан премьер-министр етіп сайлады. Ол бұл қызметті 2014 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді. 

Парламент президент фракциясының өкілі Владимир Гройсманды спикер ретінде мақұлдады.

Еуромайдан шерулерінен кейін қайта сайланған Украина парламентіндегі еуропашыл бес фракция көпшілік коалициясын құрды. Олар үкіметті және Халықаралық қаржы қорынан экономикасы әлсіреген Украинаға қажет несие алу үшін бюджетті бекітуі керек.

Коалиция үкіметтің толық құрамын 2 желтоқсанға дейін дайын етеді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

28 қараша 2014, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.