Атырау, 25 сәуір 04:10
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қайрат Нұртастың анасына 388 мың теңге айыппұл салынды

3 115 просмотра
Танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековаға жол апатына кінәлі болғандықтан 388 920 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды BNews.kz.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Гүлзира Айдарбековаға қатысты ҚР ӘҚКо 468-1б, 468 б.1б. бойынша әкімшілік істі қарады», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Әкімшілік сот материалдары бойынша, 2014 жылғы 27 тамызда «Lexus» маркалы автомашинаны тізгіндеген Гүлзира Айдарбекова Шевченко көшесімен батысқа қарай бара жатып, «жол бер» белгісінің орнатылғанына қарамастан, көліктерге жол бермей, қиылыста «Cherry» және «Toyota Korolla» автомашиналарымен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан «Cherry» жүргізушісінің денсаулығына орта деңгейде зиян келді.

«26.11.2014 жылғы сот қаулысымен құқық бұзушы Гүлзира Айдарбекова әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 210 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Қаулы әлі заңдық күшіне енген жоқ», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Дереккөз: bnews.kz

 

28 қараша 2014, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.