Атырау, 25 сәуір 13:35
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Әлем доллардан арылуға дайын ба?». «Жастардың радикалды діни ағымға еніп кетпеуі үшін не істеуіміз қажет?». «Мәжілісте мін көп». «Генерал Нұрлан Жоламановтың “айсбергі”». «Жанармай бағасын ырыққа көндіре алмай қалуымыз мүмкін...».

1 971 просмотра

ALASHAINASY.KZ       «Қазақ ата-бабасын қырған дұшпандар туралы фильмді неге сүйіп көреді?» - Арамыздан «Ресей күшті, орыстың қаруы керемет» деп тамсанатын қазақтар шығып жатқанына неменеге таң қаламыз?

«Білім министрлігі білім стандартын білмей ме?» - Осы уақытқа дейін еліміздегі мектеп оқушыларының жүктемесі шамадан тыс артық екені туралы әлеуметтанушы мамандар алаңдатушылық танытып келген еді.

«Қазақтың мұрасы мың күймен шектеліп қала ма?» -  «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақтың рухани мұрасына біраз жан біте жаңғырып, ұлттық құндылықтарымыз біршама құнтталғаны белгілі. Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы мен мәдениеті бойынша 600-ге жуық кітап түрлері басып шығарылды.

AIKYN.KZ  «Әлем доллардан арылуға дайын ба?» - Қытай мен Ресей жақын арада сыртқы саудада шетелдік емес, ұлттық валютамен есеп айырысуға кірісетінін айтты. 

«Жастардың радикалды діни ағымға еніп кетпеуі үшін не істеуіміз қажет?» - Қазіргі күні исламның сан алуан тармақтары Қазақстанда көрініс табуда.

TURKYSTAN.KZ    «Мәжілісте мін көп» - Белгілі қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы мырза Парламент депутаты болған кезінде Мәжіліс мінберінен де, ұлттық басылым беттерінде де өткір пікір айтудан тайсалмаған тұлға.

AZATTYQ. ORG    «Күй мен киіз үй – ЮНЕСКО тізімінде» - Домбырада күй тарту мен киіз үй жасау өнері – ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мәдени мұралар тізіміне Қазақстанның атынан енген алғашқы өнер туындылары.

«Украинада соғысқан Ресей еріктілеріне заңды мәртебе сұрады» - Ресей депутаты Украинаның шығысындағы Донбасс аймағында соғысып жатқан ресейлік еріктілерге «соғыс қимылдарына қатысушылар» деген мәртебе беруді ұсынды.

SERKE.ORG.  «Генерал Нұрлан Жоламановтың “айсбергі”» - ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы директоры, генерал-лейтенант Нұрлан Жоламановтың қамауға алынуы екіұдай пікір туғызып отыр.

ZHEBE.COM   «Жанармай бағасын ырыққа көндіре алмай қалуымыз мүмкін...» -  «Еліміздегі мұнай бағасы әлемдік деңгейге дейін көтерілетін болса, бір литр жанармай құны 1,5 еуро болмақ».  Бұл жайында Сенат палатасының отырысында мәлім болды.

28 қараша 2014, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.