Атырау, 19 сәуір 06:08
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Арқалықта пойыз бен Subaru Forester соқтығысты

1 946 просмотра

Арқалықта пойыз бен Subaru Forester көлігі соқтығысты. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Төтенше оқиға 27 қараша күні 217-теміржол өткелінде болды.

Пойыз бен автокөліктің соқтығысқаны туралы хабар Арқалық ішкі істер басқармасына 15.12-де келіп түсті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, апат салдарынан автокөліктің 1968 жылғы жүргізушісі - Амангелді ауданының тұрғыны түрлі деңгейде жарақат алып, аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. "Оқиға орнында Арқалық ІІБ жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Пойыздың көліктің басқа түрімен соқтығысуы бір апта ішінде осымен екінші рет тіркеліп отыр. Мұның алдында осындай апат Солтүстік Қазақстан облысында болған еді. Ол кезде жүк көлігі тауар және жолаушылар құрамына соғылды. Оқиға 21 қараша күні Астана уақыты бойынша 12.28-де Оңтүстік Орал теміржолының Петропавл - Кондратовка өткелінде болды. MAЗ автокөлігінің жүргізушісі теміржолға шығып кетіп, жүк пойызының екінші секциясына ұрынды. Апат салдарынан жүк көлігі екінші теміржолға ұшып кетті де, № 57 Иркутск - Кисловодск жолаушылар пойызына соғылды. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Пойыз жолаушылары мен локомотив бригадалары зардап шеккен жоқ.

Дереккөз: Tengrinews.kz

27 қараша 2014, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.