Атырау, 24 сәуір 15:13
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Германияда Эбола безгегіне шалдыққандарды тасымалдайтын ұшақ құрастырылды

1 314 просмотра

Германияда Эбола безгегіне шалдыққандарды тасымалдайтын арнайы ұшақ құрастырылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Әуе кемесі ГФР үкіметінің тапсырысымен жасалған.

Ұшақ Lufthansa әуе компаниясының ұзақмагистральді Airbus A340-300 басБатыс Африкадан науқастар тасымалдануы мүмкін деген де болжам бар, тіпті пациенттерді ауа кеңістігінде емдеуге болады. Ұшаққа немістің әйгілі микробиологы және дәрігері Роберт Кохтың есімі берілді.

Айта кетейік, Эбола безгегі 2014 жылы ақпанда Гвинеяда пайда болды. Кейін індетті жұқтырғандар Либерияда, Сьерра-Леонда, Нигерияда, Конго Демократиялық Республикасында және Сенегалда тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, Эболаны жұқтырған 13 042 адамның 4 818-і көз жұмған. Жергілікті тұрғындар ауру жұқтырып қаза тапқандар жайлы мәліметті хабарлай бермейді, сондықтан қайтыс болғандардың қатары бұдан да көп болуы мүмкін. Сарапшылар ауру жұқтырғандардың қатары 2015 жылы азаяды деп есептейді.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 қараша 2014, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.