Атырау, 20 сәуір 20:12
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Соңғы бес жылда өндірілмеген айыппұл көлемі 200 млрд. теңгеден асты - ҚР Бас прокуроры

1 720 просмотра

Соңғы бес жылда елімізде 200 миллиард теңге айыппұлдар өндірілмеген күйінде қалған. Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында Заңдылық, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлімдеді.

Бас прокурордың сөзіне қарағанда, соңғы бес жылда елімізде орындалмаған қаулылар саны екі есеге, атап айтқанда 2010 жылғы 218 мыңнан, ағымдағы жылы 574 мыңға дейін өскен. Ал мұның салдарынан өндірілмеген айыппұл мөлшері 200 миллиард теңгеден асып отыр.

«Ағымдағы жылдың 10 айының өзінде уәкілетті органдар тарапынан 100 миллиард теңгені құрайтын әкімшілік айыппұлдар салу туралы қаулы шығарылды. Алайда оның тек 50 пайызы ғана іс жүзінде орындалып, өндірілді», - дейді А.Дауылбаев.

Бұдан бөлек, Бас прокурор экономикалық ахуалдың тұрақсыздығы жағдайында айыппұлдарды уақытылы әрі толығымен өндіріп алу өзекті бола түскенін айтады. Ал айыппұлдарды өндірудің ең төменгі көрсеткіші салық қызметінде, ішкі істер органында, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде, әділет органдары, кеден және шекара қызметтерінде болып отыр.

«Негізінен айыппұлдарды өндіріп алудың төмен көрсеткіші жыл сайын уәкілетті органдар тарапынан орын алып жатқан жүйелі бұзушылықтардың салдарынан туындауда», - дейді А.Дауылбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 қараша 2014, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.