Атырау, 29 наурыз 06:00
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жемқорлық үшін сотталған экс-Қорғаныс министрі бостандыққа шығуы мүмкін

1 338 просмотра

Жемқорлық үшін алты жылға сотталған қорғаныс министрінің экс-орынбасары Бағдат Майкеев бостандыққа шығуы мүмкін.

Бұл ақпаратты дереккөзге сүйеніп, "Қазтаг" агенттігі жазады деп хабарлайды Астана арнасы.

Жазасын өтеуші бұрынғы шенеуніктің денсаулығы қатты сыр берген. Оның қалқанша безінің обырын емдеу керек екен. Майкеев қатты науқас, сондықтан оны босатуы мүмкін, деп хабарлаған дереккөз.

Естеріңізге сала кетсек, 61 жастағы Бағдат Майкеев ақпан айында ұсталды. Ол 252 млн теңге және 147 мың доллар көлемінде пара алып тұрған жерінде тұтқындалған еді.

Ал маусым айының соңында сот оның мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Дереккөз: NUR.KZ

27 қараша 2014, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.