Атырау, 19 сәуір 12:27
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қырғызстанда ауыр емес қылмыстар үшін тән жазасын енгізу ұсынылды

1 757 просмотра

Қырғызстанда ауыр емес қылмыс үшін денеге күш түсіру арқылы жазалау ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кенешінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан аумағында тән жазасын енгізіп, заңдастыруды республика парламентінің депутаты Дастан Бекешев ұсынды. "Бұл шараларды жеңіл немесе орта деңгейдегі баптарындағы заңды бұзған тұлғаларға қолдануға болады. Мысалы, Сингапурда жол қозғалысы ережесін бұзған адамды қамшымен ұрып жазалау түрі бар", - деді Бекешев. Депутат осы заң жобасын жасап, қоғамдық тыңдау өткізуді жоспарлап отыр. Ал егер оның бастамасы қолдау тапса, Бекешев тән жазасын қолдану туралы заң жобасын елдің парламентіне талқылауға жібермек ниетте. 

Өткен жылы Астананың бұрынғы мұғалімі Жасын Ермеков Қазақстан мектептерінде тән жазасын енгізуді ұсынған еді. Ол бұл шараның оқушылардың оқу үлгерімін жақсартатынына сенімді. Оның пікірінше, батыстың оқу жүйесін, мектеп формасын және интерактивті тақтасын алсақ та, дене жазасы сияқты маңызды әдісті ұмыт қалдырдық. "Сингапур, Оңтүстік Корея және Америка Құрама Штаттары оқу мекемелерінде жазалаудың бұл түрін әлі де сақтап келеді. Нәтижесінде олар қуатты экономика жасай білді. Ол жақта баланы сабақтан шеттету білім беру жүйесінің баланың жаман әдеттерін кешіруі деп саналады. Ал оның құйрығын жақсылап төмпештеп алса, тентекті қоғамның мүшесі болуға лайықты адам етіп шығаруға мүмкіндік болады", - деді Ермеков.

Дереккөз: Tengrinews.kz

27 қараша 2014, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.