Атырау, 20 сәуір 19:17
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстан энергия ресурстарын өндірушілердің ондығына кіруге ниетті

2 884 просмотра

Фото: ИА Новости-КазахстанФото: ИА Новости-КазахстанАСТАНА, 27 қар – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан әлемдегі энергия ресурстарын өндірушілердің ондығына кіруге ниетті  деп мәлімдеді бейсенбіде еліміздің премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«Алдағы жылдары елімізде энергия ресурстарын өндіру артатын болады. Біз энергия ресурстары бағытында 10 негізгі өндірушілердің қатарына енуге ниеттіміз, оның ішінде табиғи газды өндіру де қамтылады. Сонымен қатар қатпарлы газ өндіру бойынша жобаны әзірлемекпіз. Қызметтің бұл бағыты Кеңес Одағы ыдыраған соң біз тап болған қиындықтарды еңсеріп,  экономикалық тұрғыдан мықты мемлекеттердің біріне айналуға  мүмкіндік берді»,-деді Мәсімов елордада өтіп жатқан «Транзиттік дәлізді дамыту - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік кілті» атты Энергетикалық хартия конференциясында.

Өз кезегінде ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник 2020 жылдан кейін Қазақстанда жылына 100 млн. тонна мұнай өндіріледі деп мәлімдеді.

Дереккөз: newskaz.kz

27 қараша 2014, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.