Атырау, 29 наурыз 18:29
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Әскери комиссариат қызметкерінің жоғалып кетуіне қатысты жаңа мәліметтер айтылды

2 037 просмотра

Арман Сұрағанов отбасымен бірге. Фото: NUR.KZАрман Сұрағанов отбасымен бірге. Фото: NUR.KZАқтөбедегі әскери комиссариат қызметкері Арман Сұрағановтың жоғалып кетуі туралы істің жаңа мәліметтері ашылып жатыр. Жоғалып табылған ер адамның әйелі "Диапазон" газетінің журналистеріне оқиғаның бұрын беймәлім болған тұстарын айтып берді.

"Арман соңғы рет маған 22.15-те қоңырау шалды, ол бұл уақытта кезекшілікте болған. Түннің бір уағында ол ауланы қарап шықпақ болады. Сол кезде бұта арасынан үш ер адам шыға келіп, Арманды жабылып ұра бастайды. Содан кейін оны өзі отыратын бөлме арқылы өткізіп, артқы есіктен шығарады да, қол-аяғын байлап, машинаның жүксалғышына салады. Арман өзін қайда апара жатқанын білмейді, сөйлескен адамдардың әңгімесінен Қостанайға келгенін біледі. Оны гаражға қамап, шынжырлап тастайды, ұрып-соғады, күніне бірнеше рет тамақ береді. Олар мұны ақылынан айырмақ болады, бірнәрсені мойындатуға тырысады. Бұлай етуге тапсырыс беруші адамның кім екені белгісіз, ер адамдар оны өзара Егор деп атаған. Бірде тапсырыс берушінің ұлы келіп, Арманға әкесі жол апатынан өлгенін айтып, бұған кінәлісің деп, күйеуімді ұра бастаған. Тапсырыс беруші өлгеннен кейін 40 күннен соң Арманның бір қолы мен бір аяғын босатқан. Кейін оны Хромтау тас жолына әкеліп, біз кетіп қалғанға дейін жат деген. Ол қарсы машина жолыққанша 15 минут жатқан. Қазір одан полицейлер, ҰҚКД қызметкерлері жауап алып, үлкен қысым көрсетіп жатыр. Әуелі Арман біреуге ақша қарыз болды деді, кейін махаббат хикаясын да ойлап тапты. Тамыз айында істі "Кісі өлтіру" бабына ауыстырды. Қазір Арман тұйық, күйзелген. Біз істің объективті тергелгенін және оқиғаға кінәлілердің табылғанын қалаймыз", - дейді Сұрағановтың әйелі.

Еске сала кетейік, осы жылдың 15 мамырына қараған түні қалалық әскери комиссариаттың 33 жастағы кезекшісі Арман Сұрағанов қызмет орнында отырып, жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен болатын. Жұмыс орнынан қан іздері мен сынған телефон табылды. Арманның өзінен мүлдем хабар болмады. Ол алты жарым айдан кейін Хромтау маңынан табылды. 23 қараша күні кешкісін жартылай жалаңаш, жүдеп-жадаған қызметкерді тас жолдан өтіп бара жатқан жүргізуші көріп қалады.

Арман шашы иығына дейін өсіп кеткен, ап-арық күйде табылды. Туыстарының айтуынша, оның салмағы бұрын 95 келі болған, қазір 66 келі.

Тергеудің мүддесіне байланысты полицейлер әзірше қандай да бір түсінік беруден бас тартып отыр, оқиғаның мән-жайын баяндар емес.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 қараша 2014, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.