Атырау, 29 наурыз 13:49
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тегіңізге қатысты қиындықтар

1 687 просмотра

– Бірнеше жыл бұрын ажырасып, өзімнің қыз кезімдегі фамилиямды алуды ұйғарған едім. Алайда сол кезде мұнымен айналысатын жағдайым болмады. Енді жеке бас куәлігімді бұрынғы фамилияма ауыстырғым келеді. Құжатты бірден рәсімдемегенім үшін айыппұл төлеуге тиіс екенім рас па?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының қалалық бөлімінің бастығы Марат ЗАБИХАН жауап берді:

– Ең алдымен сізге Авангард, 2 ықшам аудан, 23 Б мекенжайында орналасқан қалалық көші-қон бөліміне бару керек. Бөлім мамандары хаттама толтырады да, сіз 5 АЕК (9 260 теңге) мөлшерінде айыппұл төлей аласыз. Осыдан кейін ХҚКО-на баруыңызға болады. Өзіңізбен бірге бұрынғы жеке бас куәлігіңіз мен төлқұжатыңыз (болған жағдайда), некені бұзу туралы куәлік құжаттарын ала келіңіз.

27 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.