Атырау, 29 наурыз 18:07
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Онлайн-тұзақ

3 017 просмотра

– Ғаламтор арқылы алуға болатын кепілзатсыз несиелер беру жарнамасы пайда болды. Жоғарғы пайыздардан басқа да өзге құйтырқылықтар бар шығар деп күмәнданамын...

Телефон арқылы

Сұраққа ҚР Ұлттық банкінің Атырау филиалының  экономист-бас маманы Ақтоты ТӘЖЕНОВА жауап берді:

– ҚР Ұлттық банкі мұндай несиелер беретін ұйымдардың қызметін реттемейді. Орналасатын жарнамалардың дұрыстығын, несиелеу шарттары туралы ақпараттың толықтығын Ұлттық банк тексермейді.

Бұл ұйымдар ағымдағы бережақтар, есептелген пайыздар мен несие алушының қарызы туралы мағлұматтарды ашуға міндетті емес.  Демек, бұл жағдайда өз міндеттемелеріңіз туралы толық және нақты ақпарат алудағы сіздің құқығыңыз шектелген.

Әдеттегі банк несиелері процедураның жолға қойылған-дығымен, тұтынушылар құқығын қорғау механизмінің болуымен, соның ішінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерімен, тұрақсыздық төлемімен (айыппұл, өсім), банк қарызы келісімшартының мазмұнына қойылатын талаптармен, несиені өтеу әдістерін таңдау еркіндігімен, ұсынылатын банк қызметі туралы ақпаратты банктің ашу талабымен және клиенттерге кеңес берумен, реттеуші Ұлттық банк тарапынан қатаң бақылаудың болуымен сипатталады.

Осыған байланысты келесілерге назар аудару керек: мұндай онлайн-несиелер бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі жекелеген жағдайларда 700 пайызды құрайды. Айыппұл санкциясы есебімен тиімді мөлшерлеме 900 пайыздан асып кетуі мүмкін. Бұдан басқа, тұрақсыздық төлемін төлеу бойынша талаптар бар. Несиені пайдаланудан бас тартқаны үшін айыппұл санкциялары қолданыла бастайды. Айыппұл санкциясы мен комиссия мөлшеріне заң бойынша лимит қойылмаған. Несие (микронесие) бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шектік мөлшерін 56 пайыз мөлшерінде сақтау, несие уақытында қайтарылмаған жағдайда тұрақсыздық төлемінің шекті мөлшері, несие алушының төлем қабілеттігін бағалау бойынша талаптар, келісімшарттың мазмұнына талаптар және несиелеудің барлық шарттар туралы клиентке ақпарат беру секілді несие алушылардың құқығын қорғау құралдары осы ұйымның несие алушыларына қолданылмайды.

Оның үстіне, онлайн-несиелер бойынша келісімшарттар банк несиесінің келісімшарттары болып табылмайды. Сондықтан Банктік омбудсмен осы ұйым арқылы несие алушылардың шағымдарын қарамайды.

27 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.