Атырау, 29 наурыз 01:16
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қызметтің болмауы есеп беруді жоймайды

1 886 просмотра

– Мен пәтерімді жалға беріп, бәрі заңды түрде болу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелдім. Өткен жылы пәтерді жалға бермейтін болып, ресми түрде ЖК қызметін уақытша тоқтаттым. Жылжымайтын мүлікті жалға беру патенті бойынша ЖК қызметін тоқтатқан уақыттан бастап қандай есептемелер мен салықтарды қандай мерзімде тапсыру керек? Мүлік салығын заңды тұлға ретінде ме, әлде жеке тұлға ретінде төлеу керек пе? Төлем айырмашылығы едәуір. Салық қызметінің бірінші қабатында отырған операторлар қызметті тоқтатуыма байланысты менің мүлік салығын жеке тұлға ретінде төлеуге тиіс екенімді, басқа ештеңе төлемейтінімді айтты. Осы дұрыс па?

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаменті бастығының орынбасары Жәнібек НҰРЖАНОВ жауап берді:

– Кез келген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер салық есептілігін ұсынуды уақытша тоқтату туралы шешім қабылдауға құқылы. Мақсатқа сәйкес (мәселен, қажетті ресурстардың, сұраныстардың болмауы және т.б.), бірақ әзірге бизнесті жою жоспарланбайтын түрлі жағдайлар болады. Салық есептілігін тоқтата тұру, мерзімін ұзарту және қайта бастау тәртібі ҚР Салық кодексінің 73, 74-баптарымен белгіленген. Салық кодексінің 403-бабына сәйкес, салық салу нысаны бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады. Жеке тұлғалардың салық салу нысандары бойынша салықты есептеуді салық органдары тиісті салық мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу нысандарының орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей жүргізеді.

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі ҚР аумағындағы тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары, көлікжай және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар мүлік салығын салу нысаны болып табылады. Мұнда СК-нің 400-бабына сәйкес, жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу нысандары бойынша салықты осы тарауда белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейді.

Егер тұрғын пәтердің қожайыны жеке кәсіпкер болса және ол пәтерді жалға беретін болса, онда Кодекстің 400-бабына сәйкес, бұл нысан кәсіпкерлік қызметке қолданылатын нысан болып табылады және ол үшін ЖК секілді салықты есептеу және төлем тәртібі қолданылады.

Қызметті тоқтата тұру мүлік салығы бойынша салық есебін ұсынбауға негіз болмайды. Яғни, бұл жағдайда патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкер мүлік салығын ЖК ретінде төлеп, есеп беруді жалғастыратын болады.

27 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.