Атырау, 20 сәуір 12:21
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Аудан жаңалықтары

1 972 просмотра

Генератор - қуат көзі

Исатай ауданының 19 шаруа қожалығы электрлі жел генераторымен қамтамасыз етілді.

Бұған бюджеттен 33 млн теңге бөлінді.

***

 

Асыл тұқым сатып алды

Облыста «Сыбаға» бағдарламасы аясында мал асылдандыру мақсатында ірі қара малды сатып алу жалғасуда.

Өткен жылы облыс бойынша 155,8 млн теңгеге 787 ірі қара, 2014 жылы 307 мүйізді ірі қара, 24 бас бұқа 68,8 млн теңгеге сатып алынған. 

Ірі қара Ресей Федерациясы мен Батыс Қазақстан облысынан әкелінген.

 

***

Маман болып келеді

Қызылқоға ауданында медицина және ветеринар мамандарының жетіспеушілігі мәселесі шешімін тапты.

- Біз медик-студенттер мен болашақ ветеринарлардың оқуына ақшаны бюджет қаржысынан төлейтін болып шештік, - дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бибоз ШАЯХМЕТОВ.

Биыл Қызылқоға ауданының10 түлегіАқтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік медициналық академиясына оқуға түскен болатын.

- Біз әрқайсысының оқуына жылына 700 мың теңге төлеп отырмыз, - дейді Б.Шаяхметов. – Ал, Орал қаласында 2 ветеринар студенттің әрқайсысының оқуына жылына 350 мың теңгеден төлейміз.

***

 

Қыс келеді, дайындал!

Мақат ауданында қысқа дайындық ретінде «Қыс-2014» оқу-жаттығу шарасы өткізілді.

Бұған 40-қа жуық көлік пен 16 мекеме қатыстырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.