Атырау, 18 сәуір 12:26
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Шақырымдарға жұмсалған миллиондар

3 244 просмотра

Жайықтың сол жақ жағалауындағы ұзындығы 162 шақырым Атырау-Индер тас жолына өткенжылы басталған күрделі жөндеу жұмыстары әлі күнге дейін жүріп жатыр. 

Бас мердігер - «Атырауинжстрой» ЖШС. Қосалқы мердігер – «Атырауинждорстрой» ЖШС. Тас жолмен қатар оның бойындағы ауылдардың ішіне кіретін жолдар да жөнделуде. Мәселен, бүгінде Махамбет ауданына қарасты Ақжайық, Есбол, Алға ауылдарының кірме жолдары жаңаланды. Индер ауданына қарасты Құрылыс, Жарсуат, Бөдене ауылдарына дейін асфальт жол тартылып болды. Яғни, 147 шақырым жол жаңартылды. Енді мердігер Бөденеден Индербор кентіне дейінгі жолға жөндеу жүргізуде. 

- Егер күн 10 градусқа салқындаса, жұмыс тоқтайды, - дейді «Атырауинждорстой» ЖШС-нің бас директоры Бөлек ӘЛМЕНБАЕВ.

- Индер халқы жолдың тарлығы мен биіктігіне шағымдануда...

- Адамдар Атырау-Индер тас жолын Атырау-Орал тас жолымен салыстырады. Ол республикалық маңыздағы жол болып саналады. Ал, Индерге дейінгісі - облыстық жол. Бұрынғы жолдың ені 6 метр болса, қазіргісі - 7 метр. Қайта бұрынғыдан бір метрге артық. Жолдың тар болып көрінуі екі жағындағы топырақ үйіндісі жасалмағандықтан. Бұл - келесі жылға қалған шаруа. Ал, жолдың биіктігі 1 метрден 2,5 метрге дейін барады. Біз жұмысты сметалық жобаға байланысты жүргіземіз.

Индерліктерді мазалап жүрген тағы бір мәселе - ауылдарға кірме жолдың салынбай қалуы.

- Құрылыс (3,8 км), Жарсуат (7,5 км), Бөдене (5 км) ауылдарының кірме және көшеішілік асфальт төсеу ісіне бюджеттен 60 млн теңге қаралып, бөлінді. Енді жуырда тендер өткізіледі. Жұмыс келесі жылы басталады, - дейді Индер ауданы әкімі Серік АРЫСТАН.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.