Атырау, 20 сәуір 01:08
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мал азығы дайын ба?

1 983 просмотра

Биылғы жаздың құрғақ болуы шаруаларды тығырыққа тіреген болатын. Жемшөп дайындау оңай болған жоқ. Шаруалардың қысқа дайындығы қалай?

Облыстық ауыл шаруа-шылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл облыс бойынша жеке секторлар, шаруа қожалықтары, ЖШС және өндірістік кооперативтер 535,7 тонна жемшөп дайындаған. Ал, жоспарға сәйкес, биыл мал азығының 554,9 тоннасы дайындалуы тиіс болған. Дайындалған жемшөп көлемі жағынан Индер алда келеді. Одан кейін Қызылқоға, Атырау, Махамбет, Мақат, Жылыой, Исатай және Құрманғазы аудандары тұр.  

Жеке секторлар пішен бағасы былтырғыдан қымбатқа шыққанын айтады.

- Өткен жылы бір қорап шөпті 30 мың теңгеге алсақ, биыл 35 мың теңгеге шықты. Ал, 350 кг бірорам 4,5-5 мың төңірегінде болды, -дейді индерлік шаруалар.

Исатай ауданындағы 30 отба-сының жолы болды. «Сазанқұрақ», «Петролеум Компани», «ПотенциалОйл» компаниялары оларға қайтарымсыз 60 тонна шөп сатып алып берген.

Облыстық ауыл шаруа-шылығы басқармасының басшысы Сырым РЫСҚАЛИЕВ шаруалардың алаңдауы бекер деп есептейді.

- Бес жыл бұрын қар қалың түсіп, қырдағы шаруалармен байланыс айлап үзіліп қалды. Олар азық-түлік тапшылығына ұшырады. Малдың көбі қырылып қалды. Округ әкімдіктері қуатты техниканың болмауы салдарынан түк істей алмай отырды. Биыл мұндай жағдайдың алдын алу үшін қандай шаралар алынды?

- Облыстағы барлық аудандарда сенім телефондары жұмыс жасайды. Бүгінде шаруаларда телефон байланысы жақсарды, тіпті, ұялы телефонсыз отырғандары жоқ. Дабыл түссе, облыстық ТЖ департаменті қуатты техникасымен көмектесе алады, сондықтан қорқатын түгі жоқ.

- Былтыр облыстық бюджеттен шаруаларға ірі сабақты мал азығын дайындауға кеткен шығынның 50 пайызын төлеген болатын. Биыл да төлене ме?

- Әзірге белгісіз. Бұл туралы Үкімет қаулысы әлі шыққан жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.