Атырау, 25 сәуір 18:27
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ұялы байланыс нөмірлерін тіркеу 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

1 776 просмотра

Ұялы байланыс нөмірлерін тіркеу 10 желтоқсанға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін Мәжіліс жанындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы экономикалық саясат кеңесінің отырысы аясында журналистерге берген сұхбатында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Бұған дейін 1 желтоқсаннан бастап ұялы операторларда тіркелмеген нөмірлер өшірілетіні хабарланған еді. Асқар Жұмағалиев бүгін нөмірлерді тіркеу 10 желтоқсанға дейін ұзартылғанын жеткізді.

«Бұл халықаралық тәжірибе. Телефон болу үшін тиісті тіркеуден өту керек. Мұндай норма бұрыннан бекітілген. Бұл құқық қорғау органдары, қоғам, жалпы қауіпсіздік үшін қажет», - деді вице-министр отырыс барысында.

Дереккөз: bnews.kz

 

25 қараша 2014, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.