Атырау, 20 сәуір 14:27
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қош бол, мораторий! Армысың, «тәуекелдерді басқару»!

2 503 просмотра

2015 жылдың қаңтарынан бастап салық органдары тарапынан бизнесті жоспарлы тексеру толықтай жойылады. Бизнес саласындағы ықтимал заң бұзушылықтарға бақылау жасау тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы: заңды бұзу болмаса, мемлекет тарапынан жаппай бақылау болмайды деген принцип бойынша жүргізілетін болады. Бұл туралы бірлескен брифинг барысында облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің (бұрынғы Салық департаменті) өкілдері мәлімдеді.

 

КӨП БАЛЛ АЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Кәсіпкерлер тексеруге мораторий жойылатын 2015 жылды мазасыздана күтуде. Облыстық ҰКП филиалының директоры Асылбек ЖӘКИЕВТІҢ айтуынша, осы мәселе бойынша кәсіпкерлер палатасына келу саны 64пайызға көбейген.

- Салық және кедендік комитеті, сонымен қатар, экономикалық қылмыстарды тергеу бөлігі бойынша қаржы полициясы біріктірілген мемлекеттік кірістер министрлігінің қызметі күшейтуге емес, керісінше – отандық бизнес жұмысын азайтып, жеңілдетуге бағытталатын болады. Біздің басты міндетіміз – бюджетке түсетін төлемдерді қамтамасыз ету болмақ. Ал қылмыстық қудалау төтенше шара ретінде жүзеге асырылатын болады, - деп хабарлады облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы Жәнібек НҰРЖАНОВ.

Енді «тәуекелдерді басқару жүйесі» нені білдіретінін айтып өтсек. Ж.Нұржановтың айтуынша, ШОБ-қа (шағын және орта бизнес) арналған тексерулер кезінде салық қызметінің қызметкерлері салық төлеушілердің мүлкін түгендеуге және базасын толықтыруға қайта бағдарланған. Қазіргі кезде «проблемалы» салық төлеушілерді: қойылатын сұрақтар бар, бірақ хабардар еткеннен кейін заң бұзушылықты жоя алатындар; құжаттамалық тұрғыда мақсатты тексерілетіндер деген санаттарға бөлген арнайы басқарма жұмыс жасауда:

Әңгіме «сұрқай» сызбамен жұмыс істейді деген ақпараты бар компаниялар, жалған кәсіпорындар және т.б. туралы болып отыр.

- Тәуекелдерді басқару жүйесі қалай жұмыс істейді?

- Тәуекелдерді бағалау үшін түрлі критерийлер бойынша баллдық жүйе жасақталған. Атап айтқанда, төленген салықтардың кіріс сомасына арақатынас көрсеткіші, бизнестің мекенжайының жиі өзгеруі, қызметкерлерге еңбекақы аударымдарының болмауы немесе төменгі жалақы - бұл оның басым бөлігі конвертпен берілетіндігін көрсетеді.  

Осындай кәсіпорын табыстылығының орташа салалық көрсеткішіне назар аударайық. Бұл салық төлеушілердің табысымен салыстырылады. Қарапайым мысал: бір мейрамхана аз табыс көрсетуі мүмкін, ал осындай 10 мейрамхана анағұрлым көп табыс көрсетеді. Егер бизнес субъектісі көп балл жинаса, біз мәліметтерді талдаймыз, содан кейін заң бұзушылықтарды өздігімен жою керектігі туралы хабардар етеміз немесе тексеру жүргіземіз.

Еңбекақы бойынша – қызметкерлердің өздері нақты табысты көрсетуге мүдделі болуы тиіс. Біріншіден, бұл болашақ зейнетақы жинақтары. Екіншіден, сізге содан кейін жылдық табыс миллион теңге болса, сіз неге 5 миллион теңге тұратын көлік сатып алдыңыз деген сұрақ туындамайды.

- Ал егер ол осы ақшаларды бірнеше жыл жинаған болса ше?

- Ол осы қаржылардың жариялылығын дәлелдеуі тиіс болады. Бұл дүниежүзілік тәжірибе. Неліктен бүгінде мүліктерді жария ету жүргізіліп жатыр? Өйткені, оның соңынан жалпыға бірдей табыстар декларациясы туындайды.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК БОЛАДЫ

- Тәуекелдерді бағалау жүйесі нарықтың қандай сараланымына бағытталған?

- Әсіресе, ірі және орта бизнеске. Бірақ жеткілікті айналым болса шағын бизнес те ілігуі мүмкін. Біз бутиктер мен дүкендерді тексеруді алдыңғы кезектегі міндет деп қоймаймыз. Біздің қызметіміз бүгінде көлеңкелі экономикамен – жалған кәсіпорындармен, ақшаның елден шығуымен және т.б. күресуге бағытталған. Өз жолдауында президент жыл сайын Ұлттық қордан экономиканы қорғауға 3 млрддолларға дейін бөлінетін болады деп жариялады. Сөйтіп біздің ведомоствомыз бен бас прокуратураға әрбір теңгенің мақсат бойынша жұмсалғанын бақылауды жүктеді. Әрине, бұл бизнес өзіне зиян келтіріп жұмыс істеуі тиіс деген сөз емес.

Тексеруді жоюдан бөлек біз қазір салық төлеу механизмін жеңілдетуге қатысты жұмыс жасаудамыз. 2015 жылдың қаңтарынан бастап бюджеттік жіктелімдегі кодтар саны 60 пайызға дейін қысқарады. Корпоративті табыс төлеуге арналған 5 кодтың орнына 2-уі (мұнай және басқа кәсіпорындар үшін) қалады. Салық төлеушіде қателесуге тәуекел аз болу үшін ҚҚС мен басқа тармақтар бойынша кодтар қысқарады.

- Мынадай өзекті мәселе бар: салық департаментінің ғимаратындағы кішкентай терезелері бар енсіз операция залдарында үнемі ұзын-сонар кезек болады.

- Иә, бұл проблема болып отыр. Қазір біз қаржыландыру мәселесін шешудеміз, жыл аяғына дейін ол жерге электронды кезек пен күту залын орнатуды жоспарлап отырмыз. Қызметкерлер мен салық төлеушілердің арасында кедергісіз қатынасты ұйымдастыру туралы мәселені талқыға салудамыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

24 қараша 2014, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.