Атырау, 19 сәуір 14:49
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Экс-әкімнің ісі. Керімов үкіммен келісіп отыр, Әбдіров шағымданбақ

2 257 просмотра

«Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ ҰҚҚ» ісі бойынша сотталғандардың адвокаттары іс материалдарымен: сот ісі хаттамаларының жүздеген томдарымен және 9 томнан тұратын үкімнің толық мәтінімен танысуда.

Егер сотталушылардың бір бөлігі үкімге шағымдануға қатысты өз құқықтарын үкім шыққан күні пайдалануды ұйғарған болса, басқалары үзіліс алып, осындай шешімге қарсы өз дәлелдерін таразыға салуда. Әлі де уақыт бар: аппеляциялық шағым беру мерзімі 29 қарашада аяқталады.

- Ақырғы шешім қабылдау үшін бізге материалдармен жете танысу қажет. Бірақ бүгінгі күні судья шешімімен келісеміз және оған шағымданбаймыз, - деді бұрынғы қала әкімі Асқар КЕРІМОВТІҢ адвокаты Абзал ҚҰСПАН.

- Сот барысында сіз сотта сенсациялық өтініш бердіңіз: қаржы полициясын Керімовтің жеке затын – ұялы телефонын ұрлады, оны ведомство қызметкерлері жеке мақсаттарына пайдаланды деп айыптадыңыз.

- Судья біздің құқыққорғау органдарына жүгінуге тиіс екендігіміз туралы ұйғарым шығарды. Біз қаржы полициясына, қалалық, облыстық прокуратураға, тіпті Бас прокуратураға шағымдандық. Ол жақтан «қанағаттандырусыз қалдырылсын» деген жауап келді, ал қаржы полициясы қылмыстық іс қозғаудан бас тартты.

- Сот отырыстарының бірінде куәгер ретінде шақырылған қаржы полициясы департаментінің аға тергеушісі Айбат САРИН жүргізіліп жатқан ішкі тексерулер туралы мәлімдеп, егер факт расталмаса, «жалған мәлімет таратқаныңыз үшін» қылмыстық қудалауға ұшырайсыз деп қоқан-лоққы көрсеткен еді.

- Ешкім ештеңе жасамады. Менен де, Керімовтен де тіпті түсініктеме алуға тырысқан жоқ.

- Сот барысында көптеген куәгерлер өз жауаптарынан бас тартып, содан кейін мемлекеттік айыптаушылар оларға қатысты «жалған жауап бергендері үшін» қылмыстық іс қозғау туралы сотқа өтініш білдірді. Сот олардың тарапына процесс аяқталғанда жеке ұйғарым шығару құқығы жөнінде мәлімдеді. Үкімде осындай құжат бар ма?

- Осы мәселеге қатысты біз әлі де айқындай қойған жоқпыз. Егер үкімге шағымданар болсақ, онда соған дәлелдерімізді көрсетеміз.

- Керімов абақтыда мерзімінің 2/3 бөлігін өткізді, ол заң бойынша шартты-мерзімінен бұрын босап шыға ала ма?

- Иә, шартты-мерзімінен бұрын босап шыға алады, бірақ процедураны тек үкім заңды күшіне енгеннен кейін ғана қолға алуға болады. Іс өте көлемді болғандықтан, аппеляцияға бөлінген бүкіл мерзім өтуі тиіс....

- Сіздің қорғалушыңыз жазаны қайда өтейтін болады?

- Судья үкім бойынша тек мерзім мен режимді ғана тағайындайды. Өтеу орнын ҚАЖК департаменті белгілейді. Ол да өткен сотқа қатысушының кез-келгені бере алатын алатын аппеляция процедурасынан кейін белгілі болады. Әзірге осы іс бойынша сотталушылардың барлығы тергеу изоляторында отыратын болады.

Татьяна МОХНАЧЕВА бұрынғы құрылыс басқармасының бастығы Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВ пен бұрынғы энергетика басқармасының бастығы Бауыржан ЖАЙСАҢОВТЫҢ мүдделерін қорғайды.

- Біз олардың ҚР ҚК-нің 235-бабы бойынша («Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу») ақталғандығына қанағаттанамыз. Бірақ басқа да тағылған айыптар бойынша сот шешіміне шағымданатын боламыз. Атап айтқанда, Жайсаңовтың ісі бойынша – оған ҚР ҚК-нің ескі редакциясындағы 307-баптың 4-тармағы бойынша («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызмет өкілеттігін теріс пайдалану») айып тағылды. Кенжебеков те сол бап пен 176-бап бойынша («Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемдену немесе ысырап ету») айыпталып отыр. Осы баптар бойынша шағымданатын боламыз.

Бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Асқар ӘБДІРОВТІҢ адвокаты Гүлнәр ЖҰМАХАНОВА түсінік беріп жатпай-ақ:

- Сөзсіз шағымданатын боламыз, - деп, апелляция беруге ниетті екенін нық мәлімдеді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

24 қараша 2014, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.