Атырау, 29 наурыз 04:37
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Фермерлерге жойылған қойлар үшін өтемақы төленді

2 295 просмотра

Жыл басынан бері облыс бойынша 844 сиыр мен 1 853 қой және ешкіден бруцеллез табылды. Қызылқоға ауданында 1 819 бас ұсақ мүйізді науқас мал анықталды.

Бұл туралы облыстық аумақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы Ғалымбек БИСЕНҒАЛИЕВ (суретте) хабарлады:

- Ұсақ мүйізді мал бруцеллезі (brucella melitensis) адам үшін аса қауіп төндіреді. Сондықтан сырқат анықталған бүкіл қой мен ешкі дәрі егу арқылы өлтіріліп, олардың өлекселері өртелді. Фермерлерге малдың жасына қарай 10-нан 30 мың теңгеге дейін өтемақы төленді.

Бруцеллезге шалдыққан сиырлар мал соятын орындарда сойылуы тиіс. Олардың етін мұздатылған күйде 12 сағат бойы тұрғаннан кейін тұтынуға рұқсат етілген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

24 қараша 2014, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.