Атырау, 23 сәуір 20:54
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Ұлттық Банк Қазақстанды жаңа девальвациядан қорғай ала ма?». «Ұлттық қордың қаржысы талан-таражға түспеуі тиіс». «Мағжан өлімінің шындығынан Кеңестің өтірігі қымбат па?». «Қазақстанда телефон тыңдала ма?». «Саяси эмигранттың сөзі журналды жабуға ұласты».

2 252 просмотра

ALASHAINASY.KZ      «Ұлттық Банк Қазақстанды жаңа девальвациядан қорғай ала ма?» - Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің бастамасына дайындалып жатқан орталық банктердің долларға қатысты стратегиялық бағамы (курсы) күн өткен сайын анағұрлым айқындала бастады.

«Алпауыт компаниялардың табысы кеміп жатыр, бұдан не аңғарамыз?» - АҚШ – әлем көз тігетін өзгеше бір дүние. Өйткені мұндағы жағдайға қарап әлем өз «көштерін» түзейді. Долларды басып шығарушы және оның толыққанды иесі болып тұрған елдің құдірет күші осындай.

«Ұлттық қордың қаржысы талан-таражға түспеуі тиіс» - Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жақында жариялаған Жолдауы – әлемде төніп келе жатқан экономикалық қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған әрі өте дәл мерзімінде жарияланған маңызды құжат.

«Қазақстанды әлемдік қаржы институттары қолдап отыр» - Елбасы индустрияландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты.

«Депозит таңдағанда абай болған жөн...» - Кеңес заманында көпқабатты үйлердің төбесіне «Ақшаларыңызды жинақ кассаларында сақтаңыздар» деп үлкен әріптермен жазып қоятын.

«Мағжан өлімінің шындығынан Кеңестің өтірігі қымбат па?» - Кейінгі кезде «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылмаған» деген сөз шыға бастады. «Магаданда айдауда жүрген жерінен Баукең көріпті» дейді. Ол 1948 жылы болса керек, яғни ату жазасына кесілгеннен 10 жылдан соң.

«Жастар жыныстық аурудың құрбанына айнала бере ме?» - Жиырма бірінші ғасырдың індеті ЖИТС-тің жастарға ауыз салуы қай жанды болмасын сарыуайымға салары анық.

«Қазақстанда телефон тыңдала ма?» - Осыдан 20-30 жыл бұрын үйдегі телефонды болашақта қолыңызға ұстап жүресіз немесе қағаз-картаның орынын – тұрған жеріңді өзі анықтайтын электронды жолкөрсеткіш басады десе, сенер ме едіңіз?

AZATTYQ. ORG     «ИМ "жиһадшы қазақ балалар" туралы видео таратты» -  Ұлыбританиялық басылым "Ислам мемлекеті" ультра-радикал діни ұйымы таратты" деп сипатталған қазақша сөйлейтін кәмелетке толмаған жас балалар түскен видео жариялады.

«Иран келіссөзі екіұдай жағдайда қалды» - Иранның ядролық бағдарламасына қатысты әлемдік державалар өзара бір шешімге келетін сәт жақындады. Бірақ, Ақ үй әкімшілігіне әуелі өте күмәншіл Конгрестің көңілін табу қажет болып тұр.

«Өлімге кесілгендер түрмесінде жеті күн жаттым» - «Донецк халық республикасы» содырларының тұтқынында болған тұрғын қамауда көргендерін Азаттық тілшісіне айтты.

«Мұстафа Өзтүрік алпысқа толар еді» - Қарашаның 23-і Мұстафа Өзтүріктің туғанына 60 жыл толады. Азаттық 1995 жылы мезгілсіз дүние салған Қазақстан таэквондосының негізін қалаушының өмірі жайлы деректер ұсынады.

«Саяси эмигранттың сөзі журналды жабуға ұласты» - Алматыда Adam bol журналының тиражы тәркіленіп, басылымды шығару тоқтатылды. Қазақ саяси эмигрантының Украинадағы антитеррорлық операцияға қатысу үшін «интернационалдық батальон» құру жоспарланғаны туралы сұхбатын жариялау биліктің талап-арыз беруіне негіз болған.

«Өлімге кесілгендер түрмесінде жеті күн жаттым» - «Донецк халық республикасы» содырларының тұтқынында болған тұрғын қамауда көргендерін Азаттық тілшісіне айтты.

QAZAQUNI.KZ   «Қазақстаннан кетіп, өзге елдің байрағын көтеріп жүрген спортшылар кім?» - Шетелге кеткен қазақ балуандары ұлттық құрамаға кіре алмағандықтан, халықаралық жарыстарға бару құқығынан айырылған.

NUR.KZ        «Олжас Сүлейменов: Толық тәуелсіз болуымыз – қауіпті» - Ақын Олжас Сүлейменовтің пікірінше, ұлы Ресейге жақындау - Қазақстанның қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан ол бұрыннан серіктес болып келе жатқан мемлекеттермен одақтастық құру қадамын құптайды.

«Апта ішіндегі жаңа кадрлық тағайындаулар» - Осы аптада елімізде бірқатар кадрлық тағайындаулар орын алды. Кадрлық ауыс-түйіс еліміздің спорт саласында да жүргізіліп, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі де ауысты.

24 қараша 2014, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.