Атырау, 20 сәуір 12:50
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Түтін қайдан шықты? Тағы да жұмбақ

2 954 просмотра

19 қарашада Атырауды тағы да түтін тұмшалады. Жилгородок пен Стройконтораның бірнеше тұрғыны «АЖ»-ға қолқаны қауып тұншықтыратын және бас ауруын тудыратын күйе иісіне шағымданды.

Сол күні біз облыстық экология департаментінің зертхана меңгерушісі Жолдасқали ТЕЛАҒЫСОВҚА қоңырау шалып, ауа сапасына сынама жасауды өтінген едік. 21 қарашада департамент бастығының орынбасары Қанат ҚАЛМАХАННЫҢ қолы қойылып, нәтижелер жазылған хат келді.

«Жилгородоктағы автобус аялдамалары маңы мен Стройконтора маңындағы көшелерге мониторинг жүргізу кезінде ластаушы заттар - көмірсутек тотығы (СО) мен көмірсутектің (СН) рұқсат етілген шекті мөлшерден асып кеткендігі тіркелді. Сағат 18-ден 20-ға дейін қаланың аталмыш бөлігінде көліктердің көп шоғырланатындығы байқалады, ауа сапасының нашарлауы олардың пайдаланылған газды шығаруынан болуы мүмкін», деп есептейді Қалмахан.

Әрі қарай хатта былай делінген: «Аджип ҚКО»  компаниясы мен «Қазгидромет» РМК-ның ауа сапасының мониторинг жасау стансасынан  19 қарашада сағат 18-ден 20-ға дейінгі аралықта «Авангард» және «Вест Ойл» стансалары күкірсутектің (Н2S) рұқсат етілген шекті мөлшерден асып кеткендігін тіркеді. Жел солтүстік-шығыстан соғып тұрған. Бұл бағытта бірнеше кәсіпорындар орналасқан. Алайда департамент кәсіпкерлік субъектілерін тексеру мораторийіне байланысты оларды тексере алмайды».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 қараша 2014, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.