Атырау, 25 сәуір 03:31
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Полипропилен зауытын қытайлықтар салады, бірақ «Синопек Инжиниринг» емес

2 705 просмотра

Қазақстандық «KazakhstanPetrochemicalIndustriesInc.» (KPI)   компаниясы мен оның қытайлық бас мердігері «Синопек Инжиниринг (Груп) Ко. ЛТД» - енді Атырау облысының аумағында құрылып жатқан интеграцияланған газ-химия кешенінің (ИГХК) базасында бірінші фаза (полипропилен өндірісі) құрылысының жобасы бойынша енді серіктес емес.

Бұл туралы «АЖ»-ға «Синопек Инжиринг…» компаниясының біраз уақыт бұрын компанияның корпоративтік сайтында жарияланған ақпараттық хабарламасынан белгілі болды. Осы хабарламада айтылғандай, тараптар негізгі коммерциялық аспектілер мен келісімшарттың басқа шарттары бойынша келісімге келе алмаған. Онда «Синопек Инжиринг…» шартты бұзу компанияның қалыптасқан ахуалына, оның бизнес-жоспары мен стратегиясына қандай да болмасын теріс салдарын тигізбейтіндігі туралы өз акционерлеріне хабардар еткен. Шарт орындалмағандықтан екі тараптың да өзара міндеттемелері жоқ. Алайда «Синопек Инжиринг…» акционерлерді компания акцияларын сатып алу/сатуда сақтық танытуға шақырады.

Комментарий алу үшін біз «КРI inc.» ЖШС басқармасының төрағасы Сәдуақас МЕРАЛИЕВКЕ хабарластық. Оның айтуынша, «Синопек Инжиниринг» базалық жобалауды аяқтағаннан кейін тараптар өзара келісіммен келісімшартты бұзған:

- Зауыт құрылысы Қытайдың Эксим-банкісінің қаржыландыруымен қамтамасыз етілгендіктен, қазіргі уақытта қытайлық құрылыс компаниялары қатарынан бас мердігерді таңдау тендері жүргізілуде. Осылайша, бас мердігер таңдалғаннан кейін (шамамен келер жылдың ақпанында) және қаржыландыру ашылғаннан кейін жоба 38 айға созылуы тиіс құрылыс кезеңіне кіріседі.

Осы келісімшарттың тарихын еске салайық. 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бейжіңге мемлекеттік іссапары барысында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ екі ел президенттерінің қатысуымен Қытайдың Экспорттау-Импорттау банкінен газ-химия кешені құрылысының бірінші кезеңіне 1,38 миллиард доллар шеңберінде несие бөлу туралы жеке несие келісімін жасады.

Жобаны Біріккен химия корпорациясына («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның 100 пайыз еншілесі) 51 пайызы және «АЛМЭКС Плюс» ЖШС-не 49 пайызы тиесілі «KazakhstanPetrochemicalIndustriesInc.» ЖШС («KPI inc.») жүзеге асырады. Соңғысытепе-теңдік негізде Тимур мен Динара ҚҰЛЫБАЕВТАР иеленетін «Алмэкс» холдинг тобы» АҚ-на кіреді.

Жобаға сәйкес, ИГХК бірінші кезеңінде қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын полипропилен өндіретін зауыт құрылысын салу жоспарлануда. Болашақ өндіріс үшін Теңіз кенішінің газы шикізат болмақ. Жобаға әлденеше рет түзетулер енгізілді. Швейцариялық LyondellBasell компаниясы одан шығып кеткендіктен, полипропилен мен полиэтилен өндіру технологиясын «КРI inc.» ЖШС американдық Lummus Techno-logy (CB&I компаниясы тобының бөлімшесі) компаниясынан сатып алды.

Толығымен КХР орталық үкіметінің бақылауындағы Қытайлық Эксим-банктің шарты бойынша бас мердігер қытайлық компания болуы тиіс. Ол «Синопек Инжиниринг…» болды. Осы компания мен «KPI inc.»  ЖШС арасында 2010 жылы ЕРС-шарт жасалды. Келісімшарттың бұл түріне - (engineering) – зерттеу, жобалық және мақұлдасқан жұмыстар; прокьюремент (procurement) -  бүкіл жобаны орындау үшін материалдар мен жабдықтарды таңдау және сатып алу; құрылыс (construction) – құрылыс, құрастыру және іске қосу-реттеу жұмыстары кіреді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

21 қараша 2014, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.