Атырау, 19 сәуір 12:19
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Оқиғалар тізбесі

1 505 просмотра

Жұмыскер тұрғыны полицияға 12 қарашаға қараған түні Әліпов көшесінде белгісіз біреудің өзін тонап, «Нокиа» ұялы телефонын тартып алып кеткендігіне шағымданды. Күдіктелген 36 жастағы қала тұрғыны ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

 

Полицияға 34 жастағы әйел адам шағымданды: өткен жылдың 31 желтоқсанында танысы жоғары жалақысы бар жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, 300 мың теңгесін алып, ғайып болған. Алаяқтық жасады деп күдіктелген тұлғаға іздеу жарияланды.

 

Қалалық №1 полиция бөліміне (Балықшы) Тасқала поселкесінің 26 жастағы тұрғынынан шағым түсті: 11 қарашада оны өз үйінде 27 жастағы ер адам соққыға жыққан. Тексеру жүргізілуде.

 

Атырау қаласының тұрғыны полицияға Соколок өзеншесінің маңындағы жеке шаруашылықтың мал қорасына белгісіз біреудің кіріп, 10 қойын алып кеткенін мәлімдеді. Ұрлық жасады деген күдікпен Томарлы поселкесінің 25 жастағы тұрғыны ұсталды.

 

Қызылқоға АІІБ-не Қаракөл ауылының 34 жастағы тұрғынынан шағым түсті. 10 қарашада түн ортасында үйіне 27 жастағы ауылдасы есікті сындырып, баса көктеп кірген. Тексеру жүргізілуде.

 

Криминалдық полиция Ақжар-2 поселкесінің 15 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бір ай бұрын облыстық аурухананың травматология бөлімшесіндегі пациенттің ұялы телефонын ұрлап кеткен. Тексеру жүргізілуде.

 

Қарашаның 14-іне қараған түні Сарыөзек маңындағы Атырау-Астрахан тас жолында су полициясының қызметкерлері «Лада» көлігін тоқтатты. Рөлде 20 жастағы Атырау қаласының тұрғыны отырған. Көлік салонынан 180 келі қызыл балық табылды. Тергеу жүргізілуде.

 

 

Жылыой аудандық сотына Құлсары қаласының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 177-бабының 2-тармағының «б» тармақшасы («Әлденеше рет жасалған алаяқтық») бойынша тергелген қылмыстық іс жолданды.Әйел Оңтүстік Қазақстан облысының төрт тұрғынын «Сенімді құрылыс» компаниясына жұмысқа орналастырамын деп, олардың әрқайсысынан 250 мың теңгеден ақша алып, ғайып болған. Әйел ұсталып, қазіргі уақытта айыпталушылар орындығында отыр.

 

Атырау қаласының тұрғыны полицияға 46 жастағы танысының жалақысы жоғары жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, 800 мың теңгесін алып, ғайып болғанын мәлімдеді.

 

Жылыой ауданындағы Морское кенішіндегі вахталық поселке аумағынан «Лексус» көлігі ұрланды. Көлік табылып, қожайынына қайтарылды. Көлікті ұрлап әкеткен Батыс Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

 

Қарашаның 14-іне қараған түні Индербор поселкесіндегі үйлердің бірінің ауласында тұрған «Хундай Туксон» және «Ман» көліктерінің дөңгелегін белгісіз біреулер тесіп кеткен. Бұзақылық жасады деген күдікпен 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

20 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.