Атырау, 25 сәуір 06:09
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Аудан жаңалықтары

1 690 просмотра

Баспана бар, дәрігер жоқ

Исатай ауданы Исатай ауылында 27 млн теңгеге дәрігерлерге арналған екі пәтерлік бір тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 

Құрылыс мердігері - «Эдимстрой» ЖШС. 

- Өкінішке орай, әзірге ауылға келіп жұмыс жасаймын деген мамандар жоқ, -дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВ. 

***

 

Жаңа зертхана

Қызылқоға ауданы Миялы селосында жалпы құны 125 млн тенгеге бағаланған ветеринарлық зертхана ғимараты пайдалануға берілді.

Зертханада аса жұқпалы ауруларды зерттеумен айналысатын бактереологиялық және серологиялық бөлімдер жұмыс жасайды. Келешекте токсикологиялық бөлім ашу көзделуде.

***

 

Он жеті жылдан кейін

Исатай ауданы Нарын ауылында 30 орындық жаңа балабақша ашылды.

Бұл ауылда 17 жыл бойы балабақша болмаған. 

***

 

Нарынның өз жарығы бар

Исатай ауданы Нарын ауылына электрмен қамту желісі тартылды.

Бұрын ауыл тұрғындары жарықты теміржол басқармасына қарасты желіден алып келген болатын. Бірақ электр қуаты әлсіз болғандықтан, үйлерде жарық жиі сөнетін. Ауылды жарықпен қамтамасыз етуге бюджеттен 77 млн теңге бөлінді.  

***

 

Жаңа үйлер кілті

Мақат ауданында бір пәтерлік он үйдің кілті тапсырылды.

Жаңа баспанаға қол жеткізгендер арасында үш дәрігер, екі медбике, ҰОС ардагері, мемлекеттік қызметкерлер мен көпбалалы отбасылар бар.

Үйлерді «АсерКонстракшн» ЖШС салған болатын.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.