Атырау, 19 сәуір 02:14
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Өзімізді өзіміз қамти аламыз ба?

4 370 просмотра

Үш жыл бұрын Атырау облысында агроөнеркәсіпті дамыту бағдарламасы іске қосылды. Біз бүгінде Атырауда «азық-түлік белдеуі» недентұратынын талдауға тырыстық.

СҮТ

Табиғат жағдайына байланысты өңірімізде сүт өнімдеріне қатысты проблемалар бар. Апталық жәрмеңкеде Батыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтарының «сүтіне» ұзын-сонар кезек тұрады. Рас, жақын арада атыраулықтарда балама – бір литрі 160 теңге тұратын жергілікті өндіруші «Первомайский» АҚ-ның жаңадан сауылған табиғи сүті пайда болды. Оны құйып алып та, бірнеше күн сақталатын қағаз орама түрінде де сатып алуға болады. Ассортиментте қаймақ, сүзбе, айран бар, бәрі пластик немесе картон орамаға салынған. Өкінішке орай, бүгінде мұны тек базарлардың бірінен ғана алуға болады. Алайда, «Первомайский» АҚ басшысы Аманжол ЕСҚАРАЕВТЫҢ айтуынша, көп ұзамай АҚ өнімдерін Атырау супермаркеттерінен көре алатын боламыз:

- Супермаркет желілерінде сату үшін өнім сертификаттары қажет. Біз құжаттарды ұсынып, сараптамаға тапсырдық, желтоқсан айында сертификат аламыз деп үміттеніп отырмыз. Сонымен қатар, супермаркеттермен келісімшарттар әзірлеудеміз. Қазіргі кезде өнім түрлерін көбейтуге жұмыстанып жатырмыз. Йогурттың әр түрін дайындау үшін биоқоспаларға тапсырыс бердік.

Шаруашылық тәулік сайын 3 тоннаға дейін сүт өндіреді. Есқараевтың айтуынша, көп ұзамай сиырлар бұзаулайды, содан соң өнім көлемі көбейеді екен. Оның бір бөлігі жергілікті және шетелдік компанияларға таратылады. Қағаз және пластик ыдыстарды әзірге Ресейден тапсырыспен алдыртады. Алайда, семейлік жеткізушілермен келіссөздер жасалуда.

- Бір ай бұрын сіздер сүттің бағасын 200-ден 160 теңгеге дейін төмендеттіңіздер. Бұл уақытша шара ма?

- Иә, біз оның тұрғындарымыздың көпшілігі үшін қолжетімді болуына қол жеткіземіз. Алайда, нарық өз шартымен жүретін болады.

Сонымен қатар, ешкі сүті мен өнімдерін өндіретін «Сарайшық» асыл тұқымды мал шаруашылығы» ЖШС да бар. Оны «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығы әлеуметтік-кәсіпкерлік «Атырау» корпорациясы құрды. Шаруа қожалығының жобадағы үлесі 51 пайызды, «Атырау» ӘКК үлесі49 пайызды құрайды. Шаруашылық басшысы Тамила РОЗМЕТОВАНЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта күн сайын ешкілер 120 литрге дейін сүтті - оның айтуынша, облыстағы осы өнімнің 15-тен 20 пайызға дейінгі қажеттілігін береді екен. Өндірісті тәулігіне 300 литрге дейін жеткізу үшін 22 қарашада Сербиядан голландиялық ешкілердің қосымша партиясын күтіп отыр. Бүгінде ешкі сүтінің литрі 1000 теңге тұрады, сонымен қатар ол облыстық жұқпалы аурулар және облыстық балалар ауруханасына жеткізіледі. Көп кешікпей қала мектептеріне де 700 теңгеден жеткізілмек. Бұл, Розметованың айтуынша, өзіндік құннан сәл жоғары.

- Өнімдеріңіздің өзіндік құнының осылайша жоғары болуы неден туындап отыр?

- Ешкі тәулігіне 2-2,5 литр, ал, сиыр -  20 литр сүт береді.  Оларды ұстау шығындары да осындай.

Розметованың айтуынша, мемлекет малдың алуан түрін өсіріп, ұстау үшін субсидиялар бөледі, алайда ешкі шаруашылығы үшін олар қарастырылмаған.

- Ауыл шаруашылығы министр-лігі біге қолдау көрсетеді деп се-неміз. Біз құжаттарды жолдадық, келесі жылы мемлекеттен субсидия алудан үміттеніп отырмыз, - дейді Розметова.

 

ЖҰМЫРТҚА

2000-жылдардың басындағы құс фабрикасы жобасына қатысты сәтсіздіктен кейін ұзақ уақыт бойына кәсіпкерлердің ешқайсысы осындай жобаны қолға алмаған еді. Басты проблема - өңірімізде азықтың жоқтығы. Өткен жылы Құлсары қаласынан құс фабрикасын салған кәсіпкер Әлімжан БАЛЖІГІТОВТІҢ («Атырау Сауда» ЖШС) айтуынша, тауықтарға арналған жемнің құрамына 18 компонент кіреді екен. Құрамның 60 пайызы – бидай, оның бір келісі күзде еліміздің солтүстік өңірлерінде және олармен шектесіп жатқан Ресей облыстарында өнім жинаған кезде  20-25 теңге тұрады. Алайда осы күзде суық ерте түскендіктен, бидай қар астында қалып, бір келісінің құны 40-45 теңгеге дейін жеткен еді.

- Биыл  «“Продкорпорация” ҰК» АҚ, еліміздің Құс өсірушілер одағы мен облыс әкімдіктері әр шаруашылық үшін 381 тонна лимит бойынша жеңілдік бағамен бидай жеткізу туралы келісімге қол жеткізді. Ал шаруашылығымыздың қажеттілігі айына 300 тоннадай құрайды. Өндіріс пайда түсіру үшін бізге жеңілдік бағамен 1,5-2 мың тоннадай дән керек, - деп бөлісті Ә. Балжігітов.

- Демек, сіздер өз шығындарыңызды ақтамайсыздар ма?

- Әзірге жоқ. Құс фабрикасының қазіргі өнімділігі – тәулігіне  75 мың жұмыртқа. Қазір50 мың жұмыртқа шығару есебімен тағы бір құс қорасын салудамын. Мемлекет құс өсірушілерді әр жұмыртқа үшін 2 теңге есебімен субсидиялап отыр. Егер биыл субсидиялар 40 млн теңге құраса, келер жылы, кеңейту есебімен64 млн-ға жетеді деп үміттеніп отырмыз. Балапандарды Екатеринбургтен сатып аламыз. Әрине, Талдықорғаннан сатып алған жақсы болар еді, бұл жағдайда мемлекет бізге тұқымдық балапандарды сатып алуға жұмсалған қаржының 50 пайызына дейін субсидиялайтын еді. Алайда, оларда лайықты техника жоқ. «Өздерің алыңдар» дейді. Ал, Екатеринбургтен бізге балапандарды бір жарым тәулікте жеткізеді.

Кәсіпкердің айтуынша, бүгінде құс фабрикасы іріктелген бірінші және екінші сұрыпты жұмыртқа өндіреді. Жақында өткен сенбілік жәрмеңкеде Құлсарыдан әкелінген жұмыртқалар 14-15 теңгеден сатылды.

Балжігітовтің айтуынша, біздің құс өсірушілерге ресейлік өткізушілер негізгі бәсекелестікті туындатып отыр екен. Кедендік одақ ережелерін пайдалана отырып, олар біздің нарыққа төменгі бағамен жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жұмыртқаларды ысыра салады. Сырт қарағанда олардың жарамды жұмыртқадан еш айырмашылығы байқалмайды, алайда, олардың қоректік қасиеті жоқ.

 

ЕТ

Бүгінде Ресеймен шекаралас жатқан өңірлердегі өндірушілер де осындай жағдайда қалып отыр. Осы уақытқа дейін еттің 90 пайызын Атырау облысы Батыс Қазақстан облысынан, 5 пайызын – облыс аудандарынан тұтынған еді, қалғандар импорт болатын. Алайда бүгінгі күні Ресейдің шекаралық өңірлері Батыс Қазақстан мен біздің облысымыз үшін негізгі ет жеткізушілерге айналды. Өткізушілердің айтуынша, біздің нарықты келісін 700 теңге болатын арзан етпен толтырып тастады. Бұл өз өнімдеріне, орташа алғанда, 1100 теңгеден сататын Батыс Қазақстан облысының ет өндірушілеріне соққы болды. Батыс Қазақстан ветеринарларының айтуынша, ресейліктер біздің нарыққа қысқа мерзім ішінде бордақыланған кәрі сауын сиырлардың еттерін сатады, бұл оның қоректілігіне теріс әсер етеді.

Сиыр етінің бағасы жоспар-ланбаған түрде жоғарылап кеткен жағдайда, тірі күйдегі ет қоры өңірімізде «Тұрақтылық қоры» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырып жатқан «Атырау ӘКК» ҰК» АҚ-да бар. Бұл қорды мемлекет бірнеше жыл бұрын еліміздің бүкіл облысындағы 33 атаудағы азық-түлік бағасын реттеу үшін құрған болатын. «Атырау ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Абат ТАСИМОВТЫҢ айтуынша, қазіргі кезде Құрман-ғазы ауданының 43 пайыз жарғылық қоры ӘКК-ге тиесілі «Құрманғазы» сервистік дайындау орталығында тұрақтылық қорының қаржысына алынған мал бар.

- Бастысы, бұл біздің жергілікті өндірушілердің мал шаруашылығы өнімдері.20 тонна қордың 50 пайызы мөлшеріндегі авансты біз төлеп тастадық. Баға күрт көтеріліп кеткен жағдайда 2-ден 3 тоннаға дейін ет жеткізуге өтінім жібереміз. Әзірге ондай қажеттілік туындаған жоқ. Соңғы бірер жылда баға бір келі ет үшін 1000-1100 теңге деңгейін ұстап тұр, - дейді Тасимов.

 

КӨКӨНІСТЕР

Тасимовтың айтуынша, жоғарыда айтылған 33 атаудағы (картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ) тізім шеңберінде бүкіл көкөністер көлемінің 70 пайызын 16 шаруа қожалығының жергілікті өнімдері құрайды. Олардың ішіндегі ең ірісі – Махамбет ауданындағы «Феликс» шаруа қожалығы, Атырау маңындағы «Қарағаев» шаруа қожалығы және Индер ауданындағы «Алға» шаруа қожалығы. Қорды қалыптастыру маусымдық сипатта. Ол қысқы-көктемгі маусымда жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы өсіп кеткен жағдайда нарықты интервенциялау мақсатында күзде толығады. Сыйымдылығы 10 мың тонна болатын көкөніс қоймасы ӘКК-нің еншілес компаниясы - «Атырау Агросервис» ЖШС-нің сенімді басқаруында. Тасимовтың айтуынша, 2012 жылы тұрақтандыру қорына республикалық бюджеттен 449 млн теңге бөлінді. Облыстық Мәслихаттың таяудағы сессиясында Ресей мен Еуроодақ елдерінің өзара экономикалық санкцияларына байланысты жергілікті бюджеттен 379 млн теңге қаржы бөлу бекітілді.

- Санкциялар қалайша бізге әсерін тигізбек?

- Бакалеяның (бірінші кезекте қажетті және ұзақ сақталатын құрғақ азық-түлік тауарлары) 90 пайызы дерлік бізге Кедендік одақ елдерінен жеткізіледі. Санкция салдарынан Ресейде өз өнімдеріне сұраныс көбейеді, тиісінше, оларда экспорт көлемі де, соның ішінде біздің елге де экспорттау көлемі азаяды да, бағасы өседі. Сондықтан жергілікті бюджеттен қосымша қаржылар бөлінді,  оған өсімдік майы, қарақұмық, қант және күріш сатып алынды.

- Бірнеше жыл бұрын тұрақтандыру қорларынан аудандарға азық-түліктерді жеткізуге қатысты проблемалардың орын алғаны есімде.

- Өткен жылы ӘКК «Атырау Агросервис» үшін 3 техника бірлігін: рефрижератор, КамАЗ және Газель сатып алды. Әр ауданда мемлекеттік бағдарламаның операторлары бар. Олар тұрақтандыру қорының өнімдерін қоймадан кесте бойынша алып шығарады. Мұның өз өзгешеліктері бар. Мәселен, жергілікті картоп ұзақ сақтауға келмейді, оны біз сатып аламыз да, сол бойда аудандарға жібереміз. Солтүстік облыстардан әкелінген картопты ақпан-наурызға дейін сақтап сатамыз.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

20 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.