Атырау, 29 наурыз 20:56
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ескек есу спортына қолдау қажет

1 844 просмотра

– Балаларымыз каноэ мен байдарка есу секциясына барады. Бізге спортшылардың қандай жағдайда жаттығатынын көру өте ауыр. Қайықтар 14 жылдан бері жаңартылмаған. Қалалық спорт комитетіндегілер жазда жаңа байдаркалар алуға уәде берді, бірақ оларды ешкім де сатып алған жоқ. Біздің жаттықтырушымыз Андрей САФАРЯН балалар үшін өз қаржысына байдаркалар сатып алды. Спорт комитеті де спортшылардың сайысқа бару сапарларын құлықсыз қаржыландырады. Жаттықтырушыға бұл ақшаны әрең алуына тура келеді. Жазда балаларымыз Орал қаласына сайысқа барып, бүкіл дерлік жүлделі орындарды алып қайтты.

Балалар арасында өте талантты, мықты спортшылар бар. Олар алдағы уақытта сайыстарда республикамыздың намысын қорғар еді. Қаламыз Жайық өзенінің бойында орналасқан. Атырау - қашан да өзінің ескекшілерімен аты шыққан қала. Қазір бүкіл проблема қаржының жоқтығына байланысты туындап отыр. Облыстағы ірі кәсіпорындардың бірде-біреуі спорттың ескек есу түрін өз қамқорлығына ала алмайтын болғаны ма? Жерлестеріміздің биыл Азия ойындарынан спорттың осы түрлері бойынша жүлделі орындар алғанын атап өткен артықтық етпес. Бізде өте тәжірибелі бапкерлер бар, олар балалардың бойына спортқа деген сүйіспеншілікті сіңіру үшін бәрін жасайды. Бізді естіп, қаламыздың спорт комитеті спорттың осы түрін дамытуға көмектеседі деп үміттенеміз. Сонымен қатар, бапкеріміз Андрей Сафарян қайта оралады деген үмітіміз бар.

Ата-аналар комитеті: Дворянчик, Кульцев, Рябцев, Бакиров, Вашурина, Плотников, Лысенко, Аманғалиева, Чернахаев, Суханов, Мұртазалиева, Қойлыбаев, Ремкулова және басқалар

Сұраққа облыстық дене шынықтыру және спорт бас-қармасындағылар жауап берді:

– Су спорты түрлерін дамыту спорт саласындағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады және облыстық әкімдік тарапынан спортшыларға республикалық және әлемдік жарыстарға қатысу үшін жан-жақты қолдау көрсетіледі. 2014 жылы ескекшілерге республикалық жарыстарға қатысу үшін шақыртуларға сәйкес, жергілікті бюджеттен 3,5 млн теңге бөлінді. Биыл ескек есу стансасы күрделі жөндеуден өтті. 2015 жылға команданы толықтай қалыптастыру жоспарланып, қаржылық құралдар іздестірілуде. Осымен қатар келесі жылы ескек есу базасын «Атырау» су спорты түрлері клубы» ЖШС-нің қарамағына басқаруға беру жоспарланды. Бұл шетелден бапкерлер шақырып, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, жаңа жабдықтар мен мүліктер алуға мүмкіндік береді.

13 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.