Атырау, 20 сәуір 06:57
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Кішкентай елге» арналған үй

3 872 просмотра

Қалалық билік «Атырау. Кішкентай ел» қоғамдық бірлестігіне 5 жыл мерзімге сенімді басқаруға орынжай ұсынды.

НЕ ҚАЙДА БОЛАДЫ

Алаңы 92 шаршы метр болатын орынжай мүлдем қараусыз қалған, жөндеуге мұқтаж болып тұр. Бөлмелердің есігі жоқ, әр жерде құрылыс қоқыстары шашылып жатыр. Жекелеген бөлмелердің төбелері мен қабырғалары сыз тартқан. Алайда осы мақсат үшін ұзақ жұмыстанған қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ мұндай ұсақ-түйектерге мән беріп отырған жоқ. Бастысы – бастарында баспана мен таяу жылдарда Канистерапия орталығын орынжайдан кетуді өтінбейтіндігіне сенімділік бар. Суық түскенше Ерлан жолдастарымен бірге бей-жай қарамайтын қала тұрғындары жинаған қаржы есебінен жылу жүйесін ауыстырып үлгерді. Ерлан бос тұрған бөлмелерді аралап көрсетіп, болашақ орталықтың қандай болатындығы туралы пікірімен шабыттана бөлісті:

- Мына бөлмені мектеп сыныбына беруді жоспарлап отырмын, осы жерге парта, тақта алып келеміз, жабдықтар сатып аламыз. Бұрынғы орынжайда оларды қоятын жер жоқ болатын. Ал әзірге балалар химия зауыты ауданындағы ескі орталықта айналысуда. Ал мына бөлмеге үлкен үміт артып отырмын. Науқас балалармен жұмыс процесінде олар церебралды сал ауруына шалдыққанда көбінесе  көру және есту қабілеттері бұзылатындығы анықталды. Осыған байланысты кейбір әдістемелерді қолдана алмадық. Өйткені егер бала көрмесе немесе естімесе, онда нәтижеге қол жеткізу өте қиын. Ал бұл басқа әдістерді қолдану керек деген сөз.Глен Доманның көзі көрмейтіндерге арналған арнайы бағдарламасы бар, бірақ оны енгізу үшін орынжайды арнайы жарақтау қажет. Орынжайды жасанды түрде көлеңкелеп, арнайы жарықты, сенсорлық нүктелер мен басқаларды орнатады. Одан басқа, мамандар көру қабілетін түзетуге мүмкіндік беретін арнайы аппаратураны қолданады. Бізге осы мәселе бойынша қолдауға әзір бір банк байланысқа шықты, - деп әңгімелейді Ерлан. Қазір қоғамдық бірлестікке «Ембімұнайгаз» компаниясы қаржылай көмек көрсетіп отыр, соның ішінде «сабалақ доктор» үшін азықтар мен қажетті керек-жарақтарды сатып алады.

Ең түкпірдегі бөлмені ойыншықтар мен канистерапия үшін қажетті құрылғылар қоятын қойма ретінде әзірлеуді ұйғарған. Бұрын оларды сақтайтын жер жоқ еді. Тағы бір бөлмені ординатор кабинетіне беруді жоспарлаған. Біріншіден, ерекше балақайлардың ата-аналарының балаларының денсаулығы туралы жекелеген сұрақтары өте көп. Олар мамандармен бөгде жандардан оңаша егжей-тегжей талқылағылары келеді. Әзірге мұндай әңгімелер бірде ескі орталықтың  асүйінде, енді бірде дәлізінде айтылып жатады. Екіншіден, кішкентай пациенттердің бағына қарай, орталыққа біртіндеп мамандар командасы: тәжірибеде қолданушы дәрігер-педиатр, психолог, реабилитолог жиналуда. Қазіргі уақытта Екатерина МАКАРОВА балалармен музыкалық терапияны жүргізуде. Катя – Екатеринбургтың тумасы, Атырауға өзінің негізгі жұмысы бойынша келген екен. Ал Ерланға ерікті ретінде көмектесіп жүр. Оның Баку мен Уфада ерекше балалармен жұмыс жасаған тәжірибесі бар. Желтоқсанда Катя үйіне оралады, бірақ өз қызметі жалғасын табу үшін бар күшін салуда. Қазір өзінің кішкентай пациенттерінің бірінің анасы Салтанатқа үйретуде. Ол кеткеннен кейін Катяның орнын сол алмастырмақ.

 

«БІЗДІҢ САБАҚТАРЫМЫЗ - АУЫР ЕҢБЕК»

Бұдан басқа, орталық мамандары Глен Доманның әдісін ауылдық шалғайда тұратын ерекше балалардың ата-аналарына таныстыруды ұйғарып отыр.

- Жақында Исатай ауданына барып, науқас балалары бар отбасылардың қандай қиындықпен тұрып жатқанын көрдім, - дейді Ерлан. - Әрине, олар мемлекеттен көмек алып отыр, бірақ балаларды сауықтыру жолдары өте көп қой, ол туралы ата-аналар білмейді. Олардың ақпарат пен біздің қолдауымызға зәру екеніне сенімдімін. Сондықтан әр апта сайын орталыққа әр ауданнан 5 отбасыдан шақыруды ұйғардық.  Бұл жөнінде облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көмегіне үміт артып отырмыз. Ата-аналарды Доман әдісімен жұмыс істеуге жете үйрететін боламыз. Оған қоса диета, интеллектуалды бағдарламалар және т.б. туралы үйретеміз. Ата-аналар көптеген мағлұматтар алып, оларды тәжірибе жүзінде қолданса дейміз. Олар нәтижелерін пысықтап, бағдарламаны өзгерту үшін бізге әрбір екі ай сайын келетін болады. Айтпақшы, біздің орталыққа тек аудан балалары ғана емес, көрші қалалардың балалары, тіпті Ресейден де келуге тырысады.

- Ресейде балаларды осылайша емдеу әдістемесі анағұрлым дамыған деп ойлап едім.

- Бірақ оларда ақылы ғой, ал, әдетте, мұндай отбасыларда емдеуге ақша жетіспейді. Ал Глен Доман әдісі бойынша бағдарлама мүлдем қолжетімсіз. Менің білуімше мұндай лагерьлер Балтық маңында жұмыс жасайды. Атыраулықтардың бірі сол жерге барыпты, бірақ ол қомақты қаржы тұрады екен. Ал бізден олар тегін оқып үйрене алады.

- Бір сәбимен паттерингтер (арнайы медициналық жаттығулар) өткізу үшін төрт адам керек. Бұл мәселе жөнінде әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне сүйенуге бола ма? Бәлкім, сіз олар үшін тренингтер өткізерсіз?

- Глен Доман бағдарламасы бойынша сабақтар – бұл ауыр еңбек. Осындай ауыр дертті бір жыл-жыл жарым ішінде жеңіп шыға алмайсың. Бағдарламаның нұсқалары өте көп, қай жолды таңдайтынын ата-аналар шешеді. Әлеуметтік қызметкерлерді үйретуге болады. Алайда оның «әттеген-айы» бар. Әрбір әлеуметтік қызметкерге көптеген науқас қариялар мен балалары бар үлкен учаске бекітіледі. Бір пациентке өзін арнаса, ол қамқорлығындағы басқаларға лайықты күтім жасай алмай қалады. Сондықтан баланың денсаулығы үшін бүкіл жауапкершілік түгелдей ата-анаға жүктелетіндігін қайталап айтамын. Бізде емханамен жақсы қарым-қатынас жасай алған бір ана бар. Оған медбике бекітіп берген, ол оған көп нәрсеге көмектеседі. Сондықтан ата-аналарды бастаманы өз қолдарына алуға, әлеуметтік қызметкерлермен, өз учаскесіндегі медицина қызметкерлерімен қарым-қатынас жасауға, еріктілер іздеп, туыстары мен достарын тартып, бала денсаулығы үшін ортақ күш жұмсауға шақырамын.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 қараша 2014, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.