Атырау, 24 сәуір 14:34
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Ислам мемлекеті" тобының басшысы жараланғаны хабарланды

2 153 просмотра

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының басшысы Әбу Бакр әл-Бағдади деп сипатталатын адамның фотосы. Иракта «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының басшысы Әбу Бакр әл-Бағдади жараланған деген хабар тарады. Associated Press агенттігі Ирак билігінің екі өкілінің сөзі мен мемлекеттік телеарна ақпаратына сілтеме жасап, Әбу Бакр әл-Бағдади қарашаның 8-і күні Ирактың Анбар провинциясының Каим қаласында әуе соққысы кезінде жараланған деп хабарлады.

Агенттік мұндай ақпарат экстремистік ұйымның ішкі қызметінен хабары бар дерек көзінен алынғанын айтады. Бірақ әл-Бағдадидің нақты қай жерінен жараланғаны белгісіз.

Reuters агенттігі Ирак әскері елдің солтүстігіндегі Баидж қаласына жылжып, Ирактағы ең ірі мұнай өңдеу зауытындағы қоршауды бұзуға тырысып жатқанын хабарлады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

10 қараша 2014, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.