Атырау, 25 сәуір 16:10
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Камиланың суреттері Қытайда да танымал

4 837 просмотра

Қытайдың Сиань қаласында өткен екінші халықаралық «Жібек жолы» мәдениет және туризм фестивалінде еліміз атынан суретшілер Ермұқан ЖҮНІСХАН (Талдықорған) мен Камила ЖАПАЛОВА (Атырау) өз туындыларын көрсетті.

Екеуі де – Қазақстанға белгілі мәдениет қайраткерлері. Е. Жүнісхан – ҚР Көркемөнер академиясының вице-президенті, Қытай өнер академиясының профессоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі. К. Жапалова – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер академиясының мүше-корреспонденті, Атырау мемлекеттік университетінің доценті. Камиланың жұмыстары Қатайда жақсы танымал. Өткен жылы ол Үрімшідегі Қазақ мәдениет орталығы ұйымдастырған көрмеге қатысты. Батикке салынған суреттері сол кезде қытайлық әріптестерінің үлкен қызығушылыған тудырған және Камиланы суретшілер академиясының студенттеріне шеберлік дәрісін өткізуге шақырған еді.

Бұл жолы қазақстандық делегация қытайлық өнер сүйер қауым назарына 50 жұмыс ұсынды.

- Қазақстандық суретшілердің жұмыстары Қытайда мемлекет тарапынан да, жеке коллекционерлер тарапынан да үлкен қызығушылыққа ие,- дейді К. Жапалова.– Халықаралық фестиваль үшін мен ұлттық нақышта 30 жұмыс әзірледім, ішінде «Сарайшық», «Қорқыт ата» жұмыстарым да бар. Біздің әріптестігіміз нығайып келе жатыр, біз алдағы бес жыл ішінде көрмелер ұйымдастырып, қытайлық өнерсүйер қауымға заманауи қазақстандық өнер туындыларын таныстыратын болып келісімге келдік.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 қараша 2014, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.