Атырау, 23 сәуір 19:01
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Жеңімпаздар да соттасуға мәжбүр (толықтырылды)

1 776 просмотра

Самат СЕРІМБЕТОВ - сол жақтаСамат СЕРІМБЕТОВ - сол жақтаСash all gone – «барлық ақша кетті»: бұл тұжырым өз көлемі мен құны тұрғысынан алпауыт болып саналатын Қашаған жобасына тура айтылғандай. Оған әлемдік деңгейдегі мұнай және сервистік компаниялар қатысса да, жұмысы еш аяқталар емес. Олар жобадан жүздеген миллион долларлық қомақты мердігерлік көлемдерді еш қиындықсыз алады, әйтсе де кей жағдайларда қазақстандық мердігер компаниялардың құқықтары бұзылып жатады. Оның бір көрінісі - Tulpar Energy Services ЖШС тап болған ауыр жағдай.

 

СЫЗБАЛАР СЫРЫ

Оқиға былай басталған. Өткен жылдың наурызында «Аджип ҚКО» мердігері, австралиялық компания - «Уорли Парсонс Казахстан» ЖШС (әрі қарай - «УПК») Қарабатанда темір жол эстакадасын салу үшін металл конструкциялардың элементтерін сатып алу үшін ашық байқау жариялайды. Эстакада өңделген күкіртті (мұнай да болуы мүмкін) экспортқа шығару үшін салынады.

2013 жылғы 23 мамырда УПК байқаудың қорытындысын шығарды: ең төмен баға ұсынған Маңғыстау облысында тіркелген қазақстандық компания - Tulpar Energy Services ЖШС (әрі қарай – ТЕSCO) жеңіске жетті. Сол жылдың 30 мамырында УПК мен ТЕSCO жалпы сомасы 843 млн теңгеге шарт жасасты.

ТЕSCO директоры Самат СЕРІМБЕТОВТЫҢ айтуынша, оның компаниясы өз тарапынан барлық міндеттемелерді орындаған:

- Шартқа сәйкес, біз тиісінше ресімделген банктік кепілдік ұсындық. УПК талаптары бойынша орындалатын барлық жұмыстарымыз сақтандырылды. Біз техника мен 60 адамды жұмысқа тартып, қосымша цех аштық. Өз қаржымыздан 38 млн теңге салып, бизнес әріптестерімізден 225 млн теңге қарыз ақша алдық. Осылайша жұмысқа кірістік.

Әрі қарай түсініксіз жайттар басталды. Мұны Қашаған жобасын жүзеге асыру басталғаннан бері жиі болып тұратын берекетсіздікпен салыстыруға болады. Серімбетовтың айтуынша, тапсырыс беруші басынан бастап техникалық құжаттамаларды беруді кешеуілдете берген.

- Бізге басында түсіндіргендей, металл конструкциясын дайындау басымдылығы сақталып, басқа сызбалар әзірлеу үстінде және пайдалануға дайын емес екен. Келісімшарт бойынша тапсырыс беруші бізге металл конструкцияларының нақтыланған сызбаларын беріп, содан кейін біз дайындау нюанстарын есепке алып, өз сызбаларымызды дайындап, тапсырыс берушіден келісім алу үшін кері жіберуіміз керек болатын. Осылайша, біз жұмыс көлемінің бір бөлігін, тіпті, желілер мен қосындылардың көптеген нақты сызбаларын дайындауды қажет ететін ең қиын металл конструкциясы жұмыстарын орындадық. Екі ай – маусым мен шілдеде тапсырыс берушімен қызу хат алмасу жүрді. Құжаттамалардың бір бөлігіне келісімді ұзақ уақыт алдық. Мен тәуекелге бел буып, жұмыс кестесінен қалып бара жатқан құрылысшылардың алғашқы қашағандық мұнайды қабылдайтын екі өнеркәсіптік нысандар арасын қосуы үшін кейбір көлемдерді келісілмеген құжаттамаларсыз дайындап, Қарабатанға жеткізуіме тура келді. Аджип ККО-ден «УПК»-ға іссапармен келген қызметкерлер Майк ПЕТРОВСКИ, Бауыржан НАСИМУЛЛИН және Иван КОСТОВ техникалық құжаттамалардың кешігуіне түрлі себептерді айтты. Қорытындысында бізге дайындаушы сызбаларымен, яғни, осы жобаға пайдалануға бейімделмеген сызбалар бойынша жұмыс жасауға ұсыныс жасады.

 

...ОСЫ ЖЕРДЕ ИТАЛьЯНДЫҚТАР ПАЙДА БОЛДЫ

Естеріңізге салсақ, УПК - австралиялық Worley Parsons компаниясының британдық өкілділігінің қазақстандық филиалы. Өз сайтында компания өзін жобалау, сатып алу және құрылыс салаларында үлкен жетістіктерге жеткен ұйым ретінде бағалап, консалтингтік және кеңес беру қызметтерінің кең көлемін ұсынады. Сол жерде жеткізушілер, әріптестер және клиенттермен ашық және сыйластық қарым-қатынаста боламыз деп баса айтылған.

- Шарт бойынша өзімізге тиесілі жұмыс көлемін 2013 жылдың қазанында тапсыруымыз керек еді. Қыркүйек айында біз тапсырыс берушіге барлық 250 тонна тапсырыс көлемінің тек 40 тоннасының сызбаларына келісім алғанымызды және соны ғана орындағанымызды ескерттік. Бұл ескертуіме УПК маған «егер осылай жұмыс жасағыңыз келмесе, көлемдерді қайтарып алып, итальяндық «ККС Сичим» компаниясына береміз» деп мәлімдеді. Кейін білгенімдей, итальяндықтар тапсырысты тек 2014 жылдың ақпанында орындаған. Ал біз дайындап үлгерген конструкциялар үшін ақшаны тапсырыс беруші 2013 жылдың қарашасы мен 2014 жылдың сәуірінде бөліп төледі. Бүгінде біздің кәсіпорнымыз УПК тарапынан жасалған негізсіз іс-әрекеттердің салдарынан үлкен шығындарға батып отыр және төлем қабілетсіз компанияға айналдық. Біз жалақы беру бойынша қарызбыз, осыған байланысты 50 қызметкеріміз жұмыстан шығып кетті, салыққа, басқа жеткізушілеріміз бен бизнес әріптестерімізге қарызбыз, -  дейді Серімбетов.

УПК-ның эстакада құрылысына қатыстылығы туралы айтсақ, ақпарат көздеріміздің мәліметтері бойынша, Аджип ҚКО олармен жобалау және жобаны басқару үшін $339 млн-ға келісімшарт жасаған, ал УПК-ның осы жобадан табатын пайдасы шамамен $60 млн-ды құрауы керек екен. Орындалған жұмыс сапасы мәз емес. Ақпарат көздеріміз хабарлағандай, жобалаудағы қателіктер салдарынан Аджип ҚКО-ның эстакада құрылысы бойынша бас мердігері – қазақстандық Іскер компаниясы да шығынға батқан. Осыған қарап, УПК менеджерлерінің барлық тапсырыстарды өздерінің британдық және еуропалық жеткізушілеріне беру үшін жергілікті компанияларға әдейі проблемалар тудыратындығы жөнінде пікірге келуге болады.

 

СОТ ГЕОГРАФИЯСЫ

Tulpar Energy Services қызметкерлері.Tulpar Energy Services қызметкерлері.ТESKO компаниясы Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына УПК үстінен келтірілген шығындарды өндіріп алу үшін шағымданды. Алайда бірінші инстанция соты жауапкердің өтініші бойынша талап-арызды қараудан бас тартты, өйткені, тараптар арасында кез келген дауларды Алматы қаласындағы IUS Халықаралық аралық сотында шешу туралы келісім бар екен. Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық коллегиясы бірінші инстанция сотының анықтамасын өзгеріссіз қалдырып, талапкердің жеке шағымын қанағаттандырмады.

- Яғни, екі тарап арасындағы шартқа кәсіпорындарымыздың мөрі басылып, қол қойылды, алайда, шарттың 8 тармағында жазылған қосымшаға қол да қойылмады, мөр де басылмады, өйткені, біз оны көрген де жоқпыз. Сондықтан біз оны соттың жарамсыз деп тануын талап етеміз. Біз енді Атырау сотына шағымдандық, өйткені, УПК заңды түрде Атырауда тіркелген екен.

1 қазанда Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ТESKO-ның шарт қосымшасын жарамсыз деп тану туралы талап-арызын қарамау жөнінде УПК жазған өтінішінен бас тартты. Яғни, қазақстандық компанияның өз мүдделерін Аралық сотта емес, қарапайым сотта қорғау құқығы танылды деген сөз.

Шетелдік компанияның істі Халықаралық аралық соттың қарауына неге жібергісі келетіндігін С. Серімбетов өзінше топшылайды. Оның айтуынша, Атыраудағы сотта УПК-ның мүддесін IUS Халықаралық аралық сотының судьясы Роман ПОДОПРИГОРА сенімхат негізінде қорғаған. Жанжалдың екінші тарапын тыңдау үшін біз әуежай трассасының бойындағы үлкен кеңседе орналасқан «Уорли Парсонс Казахстан» ЖШС-не хабарластық. Өзін бас менеджер Стивен КРОССТЫҢ көмекшісімін деп таныстырған адам телефон арқылы компания бұл жанжалға түсінік бермейтінін мәлімдеді.

Көп ұзамай «Уорли Парсонс Казахстан» ЖШС бас директоры Питер ОРРЭЛЛДЫҢ қолымен келген хаттан редакция жолдаған нақты сұрақтарға, атап айтсақ, жұмыс көлемдерін итальяндық компанияға беру себептері, сондай-ақ, Аджип ҚКО мен Уорли Парсонс арасындағы келісімшарттың құны туралы сауалдарға жауап таба алмадық.

Оррэлл мұны «сауалдарға кең ауқымды жауап беру келісімшарттағы құпиялықты сақтау туралы міндеттемелерімізді тікелей бұзу болып табылады» деп негіздеді.

«“Tulpar Energy Services” ЖШС, расында да, Атырау облысы сотында шартымыздың қосымшасын жарамсыз деп тануға қол жеткізбекші. Дегенмен, қазіргі уақытта біздің қолымызда “Уорли Парсонс Казахстан” және “Tulpar Energy Services” ЖШС-тері арасында жасалған шарт пен оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшасының заңдылығын белгілейтін Маңғыстау облыстық сотының бірінші, апелляциялық және кассациялық инстанцияларының сот актілері бар, - дейді П. Оррэлл. – Осыған байланысты біз С.Т. Серімбетов мырзаның “Уорли Парсонс Казахстан” ЖШС  туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар бергенін қаперіңізге беруді қажет деп таптық. Бұл аз дегендей, ол қазақстандық сот жүйесі мен судьяларға қатысты негізсіз мәлімдемелер жасап жүр (бұл жерде әңгіме Серімбетовтің телеарналардың біріне берген сұхбаты, сондай-ақ, «Аджип ҚКО» және «Жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі ұлттық агенттікке» жазған хаттары турасында болса керек – Л.С.).2014 жылы “Уорли Парсонс Казахстан” ЖШС “IUS” Халықаралық аралық сотына “Tulpar Energy Services” үстінен өз іскери абыройын қорғау туралы талап-арыз жазды. 2014 жылғы 1 тамызда сот біздің талабымызды толықтай қанағаттандырып, жауапкерге “Уорли Парсонс Казахстан” ЖШС-нің іскери абыройына зиян келтіру үшін берілген жалған ақпараттарды жария түрде теріске шығаруды міндеттеді. Бұл шешімнің заңдылығы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында расталды. Шындыққа сәйкес келмейтін материалдарды жариялағанда осы фактілерді қаперлеріңізге алуды сұраймыз.

Осылайша, «Парсонс» Маңғыстау облыстық соттарының және Халықаралық аралық соттың шешімдерін дәлел ретінде алға тартып, біздің жарияланымнан бас тартуымызды сұрайды. Алайда Атырау экономикалық сотының заң күшіне енген “Tulpar Energy Services” ЖШС алға қарай «Уорли Парсонс Казахстан» ЖШС арасындағы қарым-қатынаста өз мүдделерін қазақстандық соттарда қорғай алады деген шешімі туралы еш нәрсе айтпайды. Аралық соттың шешімін өзгерту үшін С. Серімбетов қазір Алматы қаласы сотына шағымданған. Алғашқы отырыс 19 қарашаға белгіленген.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

31 қазан 2014, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.