Атырау, 24 сәуір 08:00
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Иракта "Ислам мемлекеті" тобы өлтірген адамдардың жаппай көмілген жері табылды

1 449 просмотра

Иракта "Ислам мемлекеті" содырларына қарсы соғысқан сүнниттердің 150 өкілінің көмілген жері табылды, - деп хабарлайды РИА Новости

"Ислам мемлекеті" тобының экстремистері Бағдадтан батысқа қарай 100 шақырымда орналасқан Эр-Рамади (Анбар провинциясының әкімшілік орталығы) қаласы маңындағы ауылдарда тұратын ер адамдарды қырып салған. Ақпарат көзінің дерегінше, содырлар марқұмдарды әуелі белгісіз бір жаққа алып кетіп, кейін өлтірген.

Бұған дейін "Ислам мемлекеті" содырларының Ресей азаматы - инженер Сергей Горбуновты өлтіргені хабарланған еді. Горбунов Сирияда ұрланып, Ракка қаласына әкелінеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ол 2012 жылдың соңынан бері террористердің тұтқынына түскен 23 шетелдікпен бірге болған. 23 азаматтың 15-ін өз елдерінің үкіметі сатып алған. Бесеуі азаптап өлтіріледі. Ресей азаматы солардың арасында болған. Тағы үш адам әлі тұтқында отыр. 

2013 жылдың қазан айында "Ислам мемлекеті" содырлары Горбуновтың қатысуымен бейнеүндеу жазып, жария еткен болатын. Онда ресейлік өз елінің президентінен ұрлап әкетушілердің талабын орындауды сұрады, егер талап орындалмаса, өзінің өлуі мүмкін екенін айтты. 2014 жылдың көктемінде бетперде киген адамдар Мәскеуден ешқандай жауап болмаған соң Горбуновты атып өлтіріп, оның өлген сәтін камераға түсіреді.

Дереккөз: tengrinews.kz

31 қазан 2014, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.