Атырау, 28 наурыз 17:53
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 627 просмотра

Банк қызметкерлері сайысты

«Атырау» ДСК-нде Ұлттық валюта күніне арналған облыстың банк қызметкерлерінің спартакиадасы өтті. 

Шағын футболдан жарыста 1-орынды «Халық банкі», 2-орынды «Каспийбанк», 3-орынды Ұлттық банкі командалары алды. Мұрат Сағызбаев (Ұлттық банкі) турнирдің үздік ойыншысы атанды. Волейбол: 1-орын – «БТА-Банк», 2-орын – «Халық банкі», 3-орын – «Каспийбанк». Үздік ойыншы – Ализа Напихова («Каспийбанк»).

Үстел теннисі (1 – 3 орындар): ерлер – Асқар Досалиев («Сбербанк России»), Рат Дүзелбаев («Цеснабанк»), Айбек Ғибатуллин («Нұрбанк»), әйелдер – Альбина Сағызбаева («Жилстройбанк»), Айнұр Мамбетова («Астана-Финанс»), Әйгерім Акипова («Цеснабанк»). Шахмат: Аманжол Шәріпов («Сбербанк России»), Шоқан Есеналиев («Халық банкі»), Ғабиден Жұмақшамов («Каспийбанк»).

***

 

Түркістандағы жетістік

1-БЖСМ командасы 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасындағы самбодан «Түркістан кубогі» турнирінде сәтті өнер көрсетті. 

Жарыстарға Қазақстанның барлық облыстарынан 170 палуан қатысты. Атыраулықтар арасынан 42 келіге дейінгі салмақта Асқар Есбосынов жеңімпаз атанса, Диас Ізмұханов (35 келіге дейін), Расул Жақсығали (55 келіге дейін) және Ерасыл Әлжанұлы (65 келіге дейін) қолаға қол жеткізді. Спортшыларды жаттықтырушылар К.Досқадиев, Ж.Иманбаев, Е.Төлеген, К.Табынбаев дайындады.

Суретте солдан оңға қарай: Р.Жақсығали, А.Есбосынов, жаттықтырушылар Е.Төлеген, Д.Ізмұханов, Е.Әлжанұлы.

***

 

Құрылысшыны еске алу турнирі

«Аэропорт» командасы ҚР Еңбек сіңірген құрылысшы А.П. Казанскийді еске алуға арналған Х қалалық турнирде жеңімпаз атанды. 

Турнирге қаланың 8 мықты әуесқой командасы қатысты. Екі жартылай финал да 2:1 есебімен аяқталды: «Аэропорт» «Болатты» жеңсе, «Строитель УС-99» «Санжарды» ұтты. 3-орын үшін болған кездесуде «Болат» «Санжарды» 3:0 есебімен тас-талқан етіп ұтса, финалда «Аэропорт» «Строитель УС-99»-дан 2:1 есебімен басым түсті. Турнирдің үздік ойыншылары: қорғаушы – Айбек Иманғалиев, қақпашы - Ғалым Әміров, шабуылшы – Айбек Айталиев, сұрмерген – Вадим Борисов (18 гол) облыс спортына еңбек сіңірген ардагерлер Аманқос Есекенов, Нәбижан Қуанышев және Амантай Байсенов арнайы сыйлықтармен марапатталды.

***

 

Жігері жасымағандар

Қызылқоға ауданы Миялы ауылында мүгедектер арасында спартакиада өтті. 

Спартакиада жеңімпаздары (1-орыннан 3-орынға дейін): дойбы – Асланбек Қаметов (Ойыл), Нұрлыгүл Жұмырғожина (Жангелдин), Арман Абзалов (Жамбыл); шахмат – Әділғали Қосаев (Жамбыл), Нұртас Есенбаев (Миялы), Бағытжан Сисенбаев (Мұқыр); үстел теннисі – Ертай Есжанов (Миялы), Ернар Аманғали (Мұқыр), Жадыра Оңай (Ойыл).

***

 

Жүлделі оралды

Ульяновскіде В.Г. Полбинді еске алуға арналған грек-рим күресінен 42-ші дәстүрлі халықаралық турнир өтті. 

Атырау облысы құрамасы осы турнирге жыл сайын қатысады. Бұл жарыстың бір ерекшелігі, мұнда кезінде Александр Карелин, Алексей Мишин, Алексей Глушков, Ватерес Самургашев сияқты олимпиада және әлем чемпиондары күрескен екен.

Бұл жолы атыраулықтар бір алтын және үш қола медаль иеленді. 54 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырына Мирас Рахметоллаев (жаттықтырушысы Р.Мусин) көтерілді, ол бұған дейін осы турнирдің үш рет қола жүлдегері болып еді. Ғаламат Саматов (63 келіге дейін), Сүндет Қалмағамбетов (46 келіге дейін) және Рүстем Тұрланов (46 келіге дейін) қолаға қол жеткізді. Сүндет пен Рүстем - С. Қазыбаев атындағы балалар үйінің шәкірттері. Олардың жарысқа барған жолсапарларын Қайрат Оразбаев басқаратын облыстық күрес федерациясы қаржыландырды. Спортшыларды Ербол Әділбаев пен Болат Әбуталиев дайындады. 

***

 

Атаулы күн қарсаңында

«Мұнайшы» спорт кешенінде дойбыдан Жеңістің 70 жылдығына және Кеңес Одағының батыры А.Н. Афанасьевті еске алуға арналған мектеп оқушылары арасында біріншілік өтті. 

Жарысқа 16 мектептің командалары қатысты. Командалық есепте 1-орынды №25 мектеп (Ақсай), 2-орынды Т. Амандосов атындағы мектеп (Тасқала), 3-орынды Еркінқала орта мектебі алды. 

Жеке есепте жеңіске жеткендер: 1-4 сыныптар – Данагүл және Бекарыс Жұмалиевтар (№25 мектеп); 5-8 сыныптар – Торғын Саркенова (Еркінқала), Елхан Темірханов (№25 мектеп); 9-11 сыныптар – Бақтыгүл Шілкенова (Тасқала), Ерзат Кенжеғалиев (Тайманов атындағы мектеп, Жұмыскер).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

***

 

Енді бізге келесіздер

Амангелді атындағы және Амандосов атындағы екі орта мектеп достық веломарафонын өткізді. 

Амангелді атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Бақтығали ОРЫНБАСАРОВТЫҢ айтуынша, оның оқушылары (7-8 сынып) Дамбы мен Алғабас ауылы арасындағы ұзақ жолды бір жарым сағатта еңсерген. Енді қазан айының аяғында Алғабас оқушылары Дамбыға қарымта марафон жасайды.

А. П.

30 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.