Атырау, 29 наурыз 19:45
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Мергендер Атырауда

1 987 просмотра


Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінде оқпен атудан бірінші облыс чемпионаты өтті.

- Қазақстанда оқпен ату спорты Алматы, Шымкент, Павлодар және Астана сияқты өңірлерде ғана дамыған, - дейді жаттықтырушы Жексембай ШЕКТІБАЕВ.Соңғы жылдары біз Атырауда бірталай оң қадамдар жасадық, бұл спорт түріне адамдар көптеп тартудамыз, өйткені, мұнда жас ерекшеліктің еш мәні жоқ. Алайда, басты мәселе – база жоқ.

Мұнай және газ колледжінің шағын ескі залы нысаналар және басқа да қажетті жабдықтары болғанымен, атудан жарыс өткізуге мүлдем жарамайды. Солқылдақ еденге, залдың тарлығына және басқа да жайсыздықтарға қарамастан қатысушылар нысанаға құштарлықпен оқ атуда. Жарыстың қорытындысында Атырау қаласы командасы үздік атанып, екінші және үшінші орындарды, сәйкесінше, Құрманғазы және Махамбет ауданы алды.

Қатысушылардың арасында 12 жасар Анна Иванова да бар:

- Маған оқпен ату спорты қат-ты ұнайды, - дейді ол. – Бірнеше айдан бері ғана шұғылданып жүрсем да, көптеген нәрсені меңгердім, ең бастысы, ойымды жинақтап, шыдамдылық пен сабырлыққа үйрендім. Бұл, шынымен де, қызықты.

Анастасия ПАСТУХОВА

30 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.