Атырау, 20 сәуір 01:16
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Оқиғалар тізбесі

1 828 просмотра

Қазанның 27-нде аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы мен табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері Амангелді поселкесінің маңындағы Жайық сағасынан 40 жастағы жергілікті тұрғын басқарған «Ямаха-200» аспалы моторлы «Амур» қайығын ұстады. Қайықтан жалпы салмағы 84 келі болатын бекіре тұқымдас балық пен ұзындығы екі жүз метр болатын ау құралын тапты. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

***

Полицияға атыраулық 40 жастағы кәсіпкер шағымданды: танысы 4 млн теңгеге өзіне тиесілі «Инфинити» көлігін сатып, ақшасын бермей отырған көрінеді. Іс жеңілдетілген тәртіппен сотқа жолданды.

***

Сауда компаниясының директоры қызметкерінің 18 шілде мен 19 қыркүйек аралығында жалпы сомасы 300 мың теңгеге азық-түліктер ұрлағанын мәлімдеді.

***

Криминалдық полиция екі апта бұрын Привокзальныйдағы супермаркеттердің бірінің күзетшісінен рация ұрлап алған қаскөйді ұстады. Ол Индер ауданының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Рация қайтарылып, ұсталушы басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Геолог поселкесіндегі кәсіпкер 26 қазанда Геологта уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматы дүкеніне емін-еркін кіріп,  200 мың теңгеден астам сомада азық-түлік ұрлап алғанын полицияға мәлімдеді.

***

23-26 қазанда әкімшілік полиция қызметкерлері облыстағы магистральды автотрассаларға «Транзит» алдын алу операциясын өткізді.  Фура жүргізушілері 193 жол қозғалысы ережесін бұзушылық бойынша ұсталды. Олардың ішінде көлікті мас күйде жүргізу (1), жүргізуші куәлігінсіз жүргізу (1), жылдамдықты арттыру (50), қауіпсіздік белдігін пайдаланбау (50), тыйым салынған күңгірттеу (32), қозғалыс кезінде телефонмен сөйлесу (20) және т.б. бар.

30 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.