Атырау, 19 сәуір 20:15
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жөндеудегі мектептер

1 468 просмотра

Оқу жылының бірінші тоқсаны бітуге жақын, ал,Индер ауданындағы жалпыға білім беретін төрт мектепте жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Мердігерлердің жайбасарлығы, жобалау-сметалық құжаттағы қателіктер мектептердегі тамыз-дың 20-нда бітуі тиіс күрделі жөндеудің ұзаққа созылуына жол берді. Әлі күнге дейін мемлекеттік қабылдау актісі алынбаған болып шықты.

Бүгінде Б. Нысанбаев атындағы, М. Сиранов атындағы және шығармашылық орталық мектептерінің басшылары Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына күрделі жөндеу жұмысын уақытында аяқтамағаны үшін мердігерлер - «СК КөшКеруен» мен «АлауАДС» ЖШС-терінен өсімпұл (пеня) өндіріп алу туралы талап-арыз берген. 

Б. Нысанбаев атындағы орта мектептің директоры Анар ҮМБЕШ сметаның өткен жылы жасалғанын, ал, биыл құрылыс материалдарының қымбаттап кеткенін айтады. Мәселен, спортзалдың 170 шаршы метр еденіне төселуі тиіс резіңке төсенішті сатып алуға ақша жеткізе алмай отыр.

«АлауАДС» ЖШС-і күрделі жөндеуге бөлінген қаражат сомасының қалған бес пайызын, яғни, 2 млн 800 мың теңгені есепшоттарына аударғанда ғана жұмысты бітіріп беретіндерін айтып, шарт қойып отыр. Ал жұмысты жасамастан бұрын ақшаны алдын ала аудару бүгінде экономикалық қылмыс болып саналады.

Индер ауданының әкімі Серік АРЫСТАН қазанның аяғына дейін мектептерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік қабылдау актілері берілу мүмкіндігін айтады. Өйткені, ішкі жұмыстар толық аяқталған.   - М. Сиранов атындағы орта мектепте аула қоршауын ауыстыру мен төсемтас төсеу жұмыстары қалып тұр. Бұл мақсаттарға12 млн теңге жұмсалмақ. Бұл жұмыстардың қашан бітетіні белгісіз. Ал, Махамбет атындағы орта мектептегі күрделі жөндеу жұмысы қарашаның ортасына дейін аяқталуы тиіс, - деді аудан әкімі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.