Атырау, 24 сәуір 21:16
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Миллиондар құйылуда, бірақ су жоқ

1 370 просмотра

Махамбет ауданында ауыз сумен қамту жұмыстарының жүріп жатқанына екі жыл болды, алайда нысандардыпайдалануға тапсыруға әлі ерте. 

2012 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Махамбет, Бейбарыс, Талдыкөл, Сарайшық, Ақжайық, Есбол ауылдарында су тазарту және су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарына бюджеттен қомақты қаражатбөлінген еді. Тендерді «ЦентрСтройЛТД» ЖШС жеңіп алды. Алайда, жұмыс көлемі жартылай ғана орындалды. Тапсырысшы - Махамбет ауданы сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі «ЦентрСтройЛТД» ЖШС-ін жосықсыз қатысушы деп танып, 260 млн теңге айыппұл өндіру туралы Атырау облысы ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз түсірді. Осы жылдың сәуіріндесот тапсырысшының талап-арызын қанағаттандырды. Алайда, бүгінде «ЦентрСтройЛТД» ЖШС банкрот болып кеткен. Аяқталмаған жұмысты «Бекболатовтар» компаниясы, «Трансстройинжиниринг» және «АШ компани» ЖШС-тері жалғастырды. Бұл мақсаттарға 1 млрд 675 млн теңге бөлінді. 

Махамбет ауданы сәулет және құрылыс, қалақұрылысы бөлімінің басшысы Наурызбай ИМАНҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, осы қазан айының соңында Ақжайық, Есбол, Бейбарыс, Талдыкөл ауылдарындағы, ал қарашада Махамбет, Сарайшық ауылдарындағы қондырғылардың құрылысы толық аяқталады.

Ақтоғай, Сарытоғай, Алмалы, Ортақшыл және Алға ауылдарында қазір су тазарту қондырғысының құрылысын «Би-Ырыс», «Дәулетбайстройсервис», «Болашақ-Өркен», «Транстройинжиниринг», «Аян-Арыс» ЖШС-тері жүргізуде. Биыл бұл мақсаттарға 632 млн теңге бөлінді. Бірақ, Н.Иманғалиевтың айтуынша, жұмысты толық бітіру үшін тағы 1 млрд 661 млн теңге қажет. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.