Атырау, 25 сәуір 16:04
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

D аралындағы проблемалы ұңғыма

3 034 просмотра

Қашағандағы D аралында мұнай өндіретін 12 ұңғыманың бірінің пайдаланылуы белгісіз болып отыр.

Бұл туралы «АЖ»-ға бейресми дереккөздерден белгілі болды. Әңгіме №2 ұңғыма туралы. Дереккөздің айтуынша, 2009 жылы онда техникалық проблемалар туындаған. Ұңғыма түбіндегі қабатты оқшаулау үшін арнайы пакерлік тығынды орнатылған.

- Содан бері қарай тығынды үш мәрте алуға әрекет жасалды, бірақ одан түк шықпады. Тығын сол жерде қалып, ұңғыма пайдаланылмайтын шығар, - дейді дереккөз.

Мұнайшылардың айтуынша, мұндай тығындар ұңғыма түбінде 850-900 атмосфераға жететін жоғарғы қысымды ұстап тұратын қорғаныс клапаны ретінде қызмет атқарады екен. Қазіргі уақытта келешекте мұнай өндіруге дайындалған бүкіл ұңғымалар қысымда тұр және бәрі тығынмен жабылған. Проблемалы №2 ұңғымада соңғы бұрғылау жұмыстарында қолдануға мәжбүр болған әлдебір қосымша шара туралы әңгіме болып отырған секілді.

Өкінішке орай, NCOC баспасөз қызметі комментарий беруден бас тартты.

Ал тұзасты бір ұңғыманы бұрғылау орташа алғанда 70-100 млн долларға шығады.

D аралында тереңдігі 4300-4500 метр болатын 12 мұнай өндіруші тік ұңғыма бұрғыланды. Әрқайсысы орташа алғанда тәулігіне 20-25 мың баррель мұнай беруге қабілетті.

Қазір Қашағанда жасанды бес арал бар: ең ірі D аралы мен спутник аралдар: А, ЕПС-2; 3 және 4 (әр аралда 7-8 ұңғымадан). Қазіргі кезде тағы төрт аралды салу жұмыстары жүріп жатыр. Олардың әрқайсысында 7-8 ұңғымадан болады. Ал таяу 10 жылда D аралы секілді тағы екі үлкен арал пайда болмақ. Қашағанда барлығы жасанды 30 арал салу жоспарланып отыр.

Жалпы, кенішті игеру жоспарына сәйкес 281 ұңғыманы бұрғылау жоспарланған, оның 234-і өндіруші және 47-сі – баспа ұңғымалары (қабатішілік қысымды ұстап тұру үшін).

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

29 қазан 2014, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.