Атырау, 20 сәуір 14:57
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сұлулық байқауы ұйымдастырушысын Атырауға тергеуге алып келді

2 263 просмотра

«Қазақстан аруы-2013» байқауына қатысушы Назерке ФАЙЗУЛЛИНАҒА (суретте) және өңірлік сұлулық байқауының ұйымдастырушысы «ДиАл» агенттігіне қатысты жанжал кездейсоқ жалғасын тапты. 28 қазанда агенттік директоры Диана КАЧИЕВА БАҚ-қа жолдасы Алмазды полицейлер Орал қаласында ұстап, Атырауға алып кеткендігі жөнінде хабарлады.

Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың желтоқсан айында «Атырау аруы-2013» байқауы жеңімпазының әкесі Арман ФАЙЗУЛЛИН «ДиАл» агенттігін алаяқтықпен айыптап, Диана Качиеваның телефон номерімен соққан әйелмен болған әңгіменің жазбасын жариялаған еді. Онда әйел адам қызы Назерке үшін республикалық сұлулық байқауының финалынан орын сатып алуды ұсынады. Файзуллиндердің айтуынша, телефон соғушы жеңіс тұғырындағы орынға байланысты 10 мыңнан 20 мың долларға дейін соманы атаған Күтпеген қоңырау» мақаласын қараңыз). Сондай-ақ, 100 мың теңге көлемдегі сыйақының берілмегендігі жөнінде әңгіме болды. Кейіннен Файзуллиндер құқық қорғау органдарына арыз жазып, бұл ҚР ҚК-нің 177-бабы 3-тармағы «б» тармақшасы («Ірі көлемде алаяқтық») бойынша қылмастық іс көтеруге негіз болды. Алайда бұл іс жарияланымда аталған Дианаға емес, Алмаз КАЧИЕВҚА қатысты ашылған.

Бұған дейін Качиевтер көрші Орал қаласына кетіп, сол жерде түрлі сұлулық байқауларын ұйымдастырумен айналысты, ал Алмаз Качиев Оралдағы белгілі мейрамхана «Атриумға» арт-директор болып жұмысқа кірген.

Біз телефон арқылы Диана Качиевамен хабарластық.

Бұл арандату бір жылға жақын уақытқа созылуда, - дейді ол.– Атыраудағы кеңсем тоналды, бізге үнемі телефон арқылы қоқан-лоқы көрсетіледі, балаларымды екі рет ұрлап кеткісі келді, ал Оралда аяғым ауыр кезінде сауда үйінің күзетшілері мені туалетте басым жарылып, есімнен танып жатқан жерімнен тауып алды. Мен барлық мәселені сот арқылы шешуді ұсындым. Альбина Файзуллинаға (Назеркенің апасы) қарсы талап арыз да жаздым. Алайда ол Астанада тұрады деп сылтауратып, сотқа келмеді. Үш отырыс өткізілгенмен, бір де біріне келмеді, ол тіркелген жерінде тұрмайды екен. Содан кейін мен отбасыма осы жылдың көктемінде жасалған қоқан-лоқы мен күш көрсетуге қатысты Файзуллиндер отбасының үш мүшесі - әкесі, анасы және апасының үстінен екінші рет арыз жаздым. Бізді қашып жүр, тығылып жүр дейді, алайда біздің осы жерде жұмыс жасап жүргенімізді барлығы біледі, біз агенттігімізге байланысты барлық жаңалықтарды ғаламтор желісіне салып жүрміз.

Диана мұны «ұстау» деп атады, ал шындығында бұл алғашқы тергеуге күштеп жеткізу процедурасы болып табылады. Атырау қаласы ІІБ арнайы жасағы тергеуші шақыртуына келмеген Качиевті күштеп әкелу үшін Оралға барды. ІІБ мәліметтері бойынша, Качиев іздеуге берілмеген, «қамақ» бұлтартпау шарасы белгіленбеген, айып тағылмаған.

Даурығатын ештеңе жоқ, жай ғана жағдайларды анықтау бойынша тергеу жүргізіледі, - деді өзін таныстырғысы келмеген ІІБ қызметкері.

Біз Арман Файзуллинмен де хабарластық, ол Оралда болған жағдай туралы білмейтінін айтты.

- Өткен жылы арыз бергеннен кейін сіздер құқық қорғау органдарына жүгіндіңіздер ме?

Сіз біздің адвокатымызбен сөйлесіңіз, - деді оның байланыс телефондарын айтуға сөз берген Файзуллин. Алайда кейін хабарсыз кетті.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

29 қазан 2014, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.