Атырау, 19 сәуір 08:35
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

КҚК тыңдауы: академик Диаровқа ұнады

2 723 просмотра

27 қазанда Атырауда «Каспий Құбыр желісі Консорциумы-К» АҚ-тың 2015 жылға арналған Табиғат қорғау іс-шаралар жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

«Қазақстан» қонақ үйіндегі шағын конференция залы іс-шараның форматына сәйкес келмеді, шақыртылған жұртшылыққа бір-бірімен тығылысып отыруға тура келді. Кейін анықтағанымыздай, компания басшылығы мұндай тыңдауларды тек екінші рет өткізіп отырғандарын және экологтар мен басқа да қоғам өкілдерінің осыншама көп келетіндігіне дайын болмағандарын растады. Алайда, дайын болатын уақыттары болған сияқты. Осындай жоспарларды Астанадағы кабинеттерде емес, жергілікті жерлерде талқылауды жер қазбаларын қоланушыларға бірнеше жыл бұрын міндеттеген еді ғой.

Табиғат қорғау іс-шаралары жоспарына келетін болсақ, оны 2015 жылы орындау үшін 86 млн теңге қаржы белгіленген. Олардың ішінде компания қол астындағы аумақтарды көгалдандыру мен абаттандыруға небары 8 млн бөлінген. Компания «Атырау мұнай айдау станциясына газ-турбиналық қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуге және жабдықтардың ескірген бөлшектерін ауыстыру мен отынның жану режимдерін жетілдіруге» 10 млн теңге, «Мұнай құбырын кезеңдермен жаяу және тікұшақпен тексеріп шығуға» 50 млн теңге қаржы бөлген.

«Атырау» МАС-ында шығарындыларды төмендету және құбыр желілеріндегі апаттарды дер кезінде табу арқылы тез ауыздықтаудан экологияның ұтатыны рас, алайда жоғарыда аталған іс-шаралар табиғат қорғаудан гөрі өндірістік мәселелерді шешеді емес пе? Бұл туралы жергілікті экологтар осындай тыңдаулар кезінде талай айтқан.

Дегенмен, осындай тыңдауларда өз наразылығын білдіріп, сын айтып отыратын академик Мүфтах ДИАРОВ осы жиында сөйлеген сөзінде өзінің жоспарға көңілі толатындығын білдірді. Мұнысымен ол ұйымдастырушыларды таңғалдырып қана қоймай, қуанышқа бөледі.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор      

28 қазан 2014, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.